---
title: "«Робот әйел\" киносын көргендегі әсерім"
description: "Жақында мен Қазақстандағы толығымен қазақша түсірілген \"Робот әйел\" киносының тұсаукесеріне қатысып ..."
author: "useryandex1432835540"
published: "2023-02-16T12:42:43+00:00"
modified: "2023-02-17T17:15:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/robot-yel-kinosyn-k-rgendegi-serim-983970"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/robot-yel-kinosyn-k-rgendegi-serim-983970/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Робот әйел" киносын көргендегі әсерім

> Жақында мен Қазақстандағы толығымен қазақша түсірілген "Робот әйел" киносының тұсаукесеріне қатысып ...

Жақында мен Қазақстандағы толығымен қазақша түсірілген "Робот әйел" киносының тұсаукесеріне қатысып қайтқан болатынмын. Аған әсерім керемет!

![](https://storage.yvision.kz/images/user/538227/d3aef7dd1fc173e0be8ba6ec657b56.jpg)

«Робот әйел» өзбек тіліндегі «Темир хотин» фильмінің форматына келетінін байқадым. Дегенмен, біздің менталитетке ықшамдалғаны көрініп тұр. Таза комедия форматында, отбасылық құндылықты бірінші орынға қойып түсірілген кино деуге әбден болады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/538227/157b5262af576b942c7e04cf11071c.jpg)

Фильмнің негізгі идеясы — отбасылық құндылық. Фильмде ауыл мен қалалық жерлердегі әйел мен ердің қарым-қатынасы жайлы және заманауи технологияларға қатысты халқымыздың көзқарасы айтылады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/538227/8030da126607b2d0e0c9d83b0a3538.jpg)

«Робот әйел» — әрбір адам көру керек фильм. Фильмді көрген соң басыма көптегн инсайттар келді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/538227/5d11bb7cdfb730a9e4273f36d7bd8e.jpg)

«Қолда барда алтынның қадірі жоқ» Барыңды бағала! Шынайы бол!

«Жылтырағанның барлығы алтын емес» т.б. көптеген инсайттар алдым.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/538227/d1334f6bc18c1dca10248b42771eb7.jpg)

Фильмде махаббат бар, ағайындылардың арасындағы қарым-қатынас бар, көптеген қызықтар туралы да айтылады. Спойлер жасамайын, ең дұрысы өздеріңіз барып көрерсіздер:)

#роботәйел #ЖұлдызӘбдукаримова

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/robot-yel-kinosyn-k-rgendegi-serim-983970](https://yvision.kz/kk/post/robot-yel-kinosyn-k-rgendegi-serim-983970)