---
title: "Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары!"
description: "Сіздерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы..."
author: "finpolsko"
published: "2016-03-15T21:02:22+00:00"
modified: "2016-03-15T21:02:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rmetti-solt-stik-aza-stan-oblysyny-t-r-yndary-683366"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rmetti-solt-stik-aza-stan-oblysyny-t-r-yndary-683366/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары!

> Сіздерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы...

![Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары!](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/T58CE5heYtcT0e6DNtQzcBcH39R8Dz.jpg)

Сіздерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ресми интернет-ресурсы [http://sko.kyzmet.gov.kz/](http://sko.kyzmet.gov.kz/) мекенжайы бойынша іске қосылғандығын хабарлаймыз.

Аталған интернет-ресурс арқылы Сіздер мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы соңғы жаңалықтардан хабардар болумен қатар, Департаменттің жоғарыда аталған бағыттарына қатысты нормативтік және анықтамалық ақпаратын пайдалану мүмкіндігіне ие боласыздар. Интернет-ресурста аймақтық деңгейдегі бос лауазымдар туралы мәліметтер, басшылықтың азаматтарды қабылдау кестесі және ведомствоның сенім телефоны, сондай-ақ бізбен кері байланыс орнатудың жүйесі орналастырылған.

![Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары!](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/6MYeJJwHzsIj3ifEONtX6o5S7FzWT4.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rmetti-solt-stik-aza-stan-oblysyny-t-r-yndary-683366](https://yvision.kz/kk/post/rmetti-solt-stik-aza-stan-oblysyny-t-r-yndary-683366)