---
title: "Құрметті мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар, төмендегі хабарландыруымызды назардан тыс қалдырмаңыздар!"
description: "Соңғы жылдары оқулықтарда кеткен қателіктер жөнінде көптеген шағымдар мен сыни пікірлер түсіп отырды..."
author: "MON_RK"
published: "2016-10-28T04:41:14+00:00"
modified: "2016-11-14T03:07:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rmetti-m-alimder-ata-analar-zh-ne-o-ushylar-t-mendegi-habarlandyruymyzdy-nazardan-tys-aldyrma-yzdar-722156"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rmetti-m-alimder-ata-analar-zh-ne-o-ushylar-t-mendegi-habarlandyruymyzdy-nazardan-tys-aldyrma-yzdar-722156/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құрметті мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар, төмендегі хабарландыруымызды назардан тыс қалдырмаңыздар!

> Соңғы жылдары оқулықтарда кеткен қателіктер жөнінде көптеген шағымдар мен сыни пікірлер түсіп отырды...

Соңғы жылдары оқулықтарда кеткен қателіктер жөнінде көптеген шағымдар мен сыни пікірлер түсіп отырды. Олардың көбі дәйекті. Министрліктің тарапынан оқулықтарды жетілдіру жұмыстарының үздіксіз жалғасуы қамтамасыз етілген.Біз «Оқулықтардың сапасын қоғамдық бақылау» жобасын іске қоса отырып, осы мәселенің инновациялық шешімін табуға тырыстық. Енді оқулықтарды тікелей сайттан қарауға және қателік кеткен немесе басқа олқылыққа жол берілген бетте онлайн ескерту жасау мүмкіндігі бар.Біз мұғалімдерді, ата-аналарды және оқушыларды осы жобаға белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл оқулықтарды анағұрлым сапалы және мазмұнды жасауға мүмкіндік береді.Қазір [http://expert.okulyk-edu.kz/kz/](https://vk.com/away.php?to=http%3A%2F%2Fexpert.okulyk-edu.kz%2Fkz%2F&post=-120804658_426) сайтында әртүрлі баспалар жарыққа шығарған 9-сыныптың оқулықтары орналастырылып, басқа сыныптардың оқулықтары дайындалып жатыр. ![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/qqK1o2qVfi6jJG4Lo302LPU893F4se.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rmetti-m-alimder-ata-analar-zh-ne-o-ushylar-t-mendegi-habarlandyruymyzdy-nazardan-tys-aldyrma-yzdar-722156](https://yvision.kz/kk/post/rmetti-m-alimder-ata-analar-zh-ne-o-ushylar-t-mendegi-habarlandyruymyzdy-nazardan-tys-aldyrma-yzdar-722156)