---
title: "Құрметті қазақстандықтар! Наурыз мейрамы құтты болсан!"
description: "Көне парсы тілінен қазақша аударғанда «Жаңа күн» деген мағына беретін Наурыз – жыл басы. Қыстың көбе..."
author: "ceka"
published: "2015-03-19T11:16:32+00:00"
modified: "2015-03-19T11:17:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rmetti-aza-standy-tar-nauryz-meyramy-tty-bolsan-483113"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rmetti-aza-standy-tar-nauryz-meyramy-tty-bolsan-483113/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құрметті қазақстандықтар! Наурыз мейрамы құтты болсан!

> Көне парсы тілінен қазақша аударғанда «Жаңа күн» деген мағына беретін Наурыз – жыл басы. Қыстың көбе...

Көне парсы тілінен қазақша аударғанда «Жаңа күн» деген мағына беретін Наурыз – жыл басы. Қыстың көбесі сегіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғат-әлем көгеріп, көктейтін шақ. Қыстың қыспағынан құтылып, арқа-бас кеңейетін, мейрам-шаттыққа кенелетін осынау жайдарман шаққа жеткен әрбір жанды шығыстың жаңа жылымен кұттықтаймын!

![Құрметті қазақстандықтар! Наурыз мейрамы құтты болсан!](https://storage.yvision.kz/images/user/ceka/U7nkMps0fn1on9PZgssm49rCDeW7r3.jpg)

Наурыздың өзіне тән салтына бағына отырып, әрбіріміз өткен жылғы өкпемізді ұмытып, татуласайық. Үлкендердің ақ батасын алып, бір-бірімізге ізгі тілек айтайық. Наурызда айтылған барлық жақсы тілек орындалады деп жатады ғой. Наурыз барлығыңызға құт әкелсін!

Серікбол БЕРІКҚОЖА

**«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының**

**қоғаммен байланыс жөніндег менеджері**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rmetti-aza-standy-tar-nauryz-meyramy-tty-bolsan-483113](https://yvision.kz/kk/post/rmetti-aza-standy-tar-nauryz-meyramy-tty-bolsan-483113)