---
title: "Құрметті ардагерлер, Сіздерді шын жүректен 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймыз!"
description: "Ақсақал-әжелер - халықтың тұнып тұрған хаты. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қ..."
author: "karasay.nurotan.kz"
published: "2022-10-01T10:56:56+00:00"
modified: "2022-10-01T10:56:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rmetti-ardagerler-sizderdi-shyn-zh-rekten-1-azan-haly-araly-arttar-k-nimen-tty-taymyz-975480"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rmetti-ardagerler-sizderdi-shyn-zh-rekten-1-azan-haly-araly-arttar-k-nimen-tty-taymyz-975480/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құрметті ардагерлер, Сіздерді шын жүректен 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймыз!

> Ақсақал-әжелер - халықтың тұнып тұрған хаты. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қ...

Ақсақал-әжелер - халықтың тұнып тұрған хаты. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керек-ті.

Осыдан 29 жыл бұрын яғни 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясы 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында, бұл дата – әлемдік дәстүрді ресми хаттаған күн.

Қарттары бар ел - бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін!

Құрметті ардагерлер, дендеріңізге саулық, отбасы-әулеттеріңізге амандық, Отанымызға бақ-береке тілейміз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rmetti-ardagerler-sizderdi-shyn-zh-rekten-1-azan-haly-araly-arttar-k-nimen-tty-taymyz-975480](https://yvision.kz/kk/post/rmetti-ardagerler-sizderdi-shyn-zh-rekten-1-azan-haly-araly-arttar-k-nimen-tty-taymyz-975480)