---
title: "Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы әскерлердің қысқа дайындығын тексерді"
description: "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Май..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-11-12T00:54:42+00:00"
modified: "2013-11-12T01:10:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rly-skerlerini-bas-olbasshysy-skerlerdi-ys-a-dayyndy-yn-tekserdi-384493"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rly-skerlerini-bas-olbasshysy-skerlerdi-ys-a-dayyndy-yn-tekserdi-384493/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы әскерлердің қысқа дайындығын тексерді

> Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Май...

**

![Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы әскерлердің қысқа дайындығын тексерді](http://www.mod.gov.kz/mod-ru/images/stories/12112013/1.jpg)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев Семей өңірлік гарнизонының бөлімдерінде болды.**

ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысы жұмыс сапарының мақсаты әскери бөлімдердің қысқы кезеңге дайындығын, сондай-ақ гарнизон әскери бөлімдері әскери техникасы мен қару-жарағының сақталу және пайдалану, жағдайларын, ұзақ мерзім сақталатын техниканың консервациялау жағдайын, техниканы қысқы пайдалану режиміне көшіру нәтижелерін тексеру болатын. Генерал-лейтенант әскерлерді қысқы кезеңге тыңғылықты дайындау Қарулы Күштердің үздіксіз қызметін қамтамасыз ететінін атап көрсетті.

Әскери бөлімдерде болу барысында генерал-лейтенант Мұрат Майкеев жеке құраммен кездесіп, олардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларымен танысты, Бас қолбасшы техника мен қару-жарақтың жай-күйіне, техникалық қызмет көрсету және жөндеу пункттеріне ерекше назар аударды.

Сондай-ақ Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы 16443 әскери бөлімінің базасында өткізіліп жатқан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы тыл қызметтері офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің жиынында болып, оқу-жаттығу орындарының ұйымдастырылуына оң баға берді.

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев Семей өңірлік гарнизоны әскери бөлімдерінің қысқы кезеңге жақсы дайындығын атап өтті және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен әскери бөлім командирлерінің алдына әскерлер күнделікті қызметінің іс-шараларын орындауға қатысты міндеттер қойылды.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметы**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rly-skerlerini-bas-olbasshysy-skerlerdi-ys-a-dayyndy-yn-tekserdi-384493](https://yvision.kz/kk/post/rly-skerlerini-bas-olbasshysy-skerlerdi-ys-a-dayyndy-yn-tekserdi-384493)