---
title: "Құрлық әскерлерінде жауынгерлік оқу жалғасуда"
description: "2013 жылғы 12-15 тамыз аралығында Қазақстанның батысындағы «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында ҚР ҚК Құ..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-08-05T01:12:43+00:00"
modified: "2013-08-05T01:12:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rly-skerlerinde-zhauyngerlik-o-u-zhal-asuda-367137"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rly-skerlerinde-zhauyngerlik-o-u-zhal-asuda-367137/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құрлық әскерлерінде жауынгерлік оқу жалғасуда

> 2013 жылғы 12-15 тамыз аралығында Қазақстанның батысындағы «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында ҚР ҚК Құ...

**

![Құрлық әскерлерінде жауынгерлік оқу жалғасуда](http://www.mod.gov.kz/mod-ru/images/stories/05082013/3.jpg)

2013 жылғы 12-15 тамыз аралығында Қазақстанның батысындағы «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басшылығымен «Батыс-2013» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы болып өтеді.**

қу-жаттығуға Құрлық әскерлерінен бөлек Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі тартылады.

Әскери басқару органдарының ықпалдастығын жетілдіру, әскерлердің далалық дағдысын арттыру және командирлер мен штабтардың әскерлерді басқарудағы тұрақты іс-тәжірибесін қалыптастыру өткізілгелі отырған оқу-жаттығудың негізгі мақсаты болып табылады.

«Батыс-2013» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы әскерлердің далалық дағдысының деңгейін арттыруға жасалған кезекті қадам болып табылады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rly-skerlerinde-zhauyngerlik-o-u-zhal-asuda-367137](https://yvision.kz/kk/post/rly-skerlerinde-zhauyngerlik-o-u-zhal-asuda-367137)