---
title: "Құрлық әскерлері қысқы жаттығуларын өткізді"
description: "Алматы облысында «Оңтүстік» аскери командованиесі кезекті жаттығуларын өткізді. Бұл әскери жиынны..."
author: "kaztrk_kz"
published: "2012-02-17T09:57:30+00:00"
modified: "2012-02-17T09:57:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rly-skerleri-ys-y-zhatty-ularyn-tkizdi-227285"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rly-skerleri-ys-y-zhatty-ularyn-tkizdi-227285/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құрлық әскерлері қысқы жаттығуларын өткізді

> Алматы облысында «Оңтүстік» аскери командованиесі кезекті жаттығуларын өткізді. Бұл әскери жиынны...

Алматы облысында «Оңтүстік» аскери командованиесі кезекті жаттығуларын өткізді. Бұл әскери жиынның ерекшелігі, әскерилер жаттығуды қалыпты, барлық жағдай жасалған арнайы полигонда өткізбей, таныс емес таулы аймақтарда жүргізді. Оқу жаттығуға жаяу әскерлер, танкі, артилерия мен әуе күштері қатысты. Басым көпшілігі келісім шарттағы сарбаздар бұл сыннан сүрінбей өтті.

** **

Қыс айларында өткізілген оқу - жаттығудың мақсаты - елімізге қауіп төндірер лаңкестік топтардың көзін жою. Ол - қатер төнген заматтан бастап, ел аумағындағы арнайы мақсаттағы әскери бөлімшелердің бірікен іс-әрекеттерін үйлестіру.

** **

**Мұрат Майкеев, ҚРҚК құрылық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал- лейтенант: **

*Батальондар кеше теміржолмен келіп, жерге түсіріп оларға бұйрық бердік, осы таулы аймақтарға келіп орналасты. Біздің бригаданың моральдік іскерлігі өте жоғары. Меніңше, олардың жаттығуы жақсы бағасына өтіп жатыр.*

** **

Тез арада тұтқиылдан келген дұшпанға тойтарыс беру үшін, ең алдымен қолда бар барлық күштерді жұмылдыру керек. Бүгінгі жаттығуда әскербасылардың осындай кездерде әскери іс-қимылды жұмылдыруы пысықталды. Сонымен қатар құрлық әскерлері мен артилерияның барлау қызметінің таулы аймақтарда қалай әрекет ету керектігі көрсетілді.

** **

**ҚРҚК 5-ші таулы атқыштар бригадасының қолбасшысы:**

*Тапсырманы орындау кезінде өте көп қиыншылықтар кездесті. Бірақ оны біз жауынгерлер өте табандылықпен өттік. Бірінші рет түн ортасында таулы аймақта өте үлкен 80 шақырымға шеру жасадық.*

Бүгінгі жаттығу барысында түрлі тактикалық мақсаттағы әскери тапсырмалар орындалды. Сонымен қатар, барлық әскери бөлімдердің оқыс жағдайлардағы ұтқырлығы елді мекендерде ұрыс жүргізу әрекеттері үйретілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rly-skerleri-ys-y-zhatty-ularyn-tkizdi-227285](https://yvision.kz/kk/post/rly-skerleri-ys-y-zhatty-ularyn-tkizdi-227285)