---
title: "Ризашылық күні"
description: "Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде?! Төземіз ғой, қайтеміз төзбегенде, Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенд..."
author: "CRMI"
published: "2016-03-01T04:37:09+00:00"
modified: "2016-03-01T04:37:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rizashyly-k-ni-681338"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rizashyly-k-ni-681338/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ризашылық күні

> Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде?! Төземіз ғой, қайтеміз төзбегенде, Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенд...

Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде?!

Төземіз ғой, қайтеміз төзбегенде,

Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенде.

Қайтер едік, өмірге келмегенде.

29 ақпан күні Жастар бастамаларын дамыту орталығында қиын өмірлік жағдайға душар болған мекемелер арасында, оның ішінде «Самал» оңалту орталығымен де меморандумға қол қойылды. Бүгін 1 наурыз күні ризашылық күніне орай аталған орталықта «Алғыс білдіреміз» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Меморандумға сәйкес Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сінің қызметкерлері арнайы шақыртылды.

![Ризашылық күні](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/XY8AKDpt7JwxqMNceKaSz99QAxn8Wl.jpg)

Өмірге деген басқаша көзқараспен қарайтын жандар бұл шарада ерекше өнер көрсетті. Тағдырдың тәлкегіне мойымаған орталық тәрбиеленушілері өмірді сүйетіндерін әнмен қоса суреттерімен жеткізді. Оқушылардың ата-аналары ыстық лебіздерін жеткізіп, алғыс білдірді.

![Ризашылық күні](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/lzT85hs2j293NlkRDYrykHnV8Heeno.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rizashyly-k-ni-681338](https://yvision.kz/kk/post/rizashyly-k-ni-681338)