---
title: "Әрінов Президентке атқарылып жатқан жұмыстар мен..."
description: "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады. Шыңғыс Әрінов: Төтенше жағдайлар министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары жөнінде есеп берді; Төтенше жағдайлар министрлігінің штаттық..."
author: "jan.123"
published: "2024-06-20T11:06:31+00:00"
modified: "2024-06-20T11:06:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rinov-prezidentke-at-arylyp-zhat-an-zh-mystar-men-alda-y-zhospar-turaly-bayandady-1005856"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rinov-prezidentke-at-arylyp-zhat-an-zh-mystar-men-alda-y-zhospar-turaly-bayandady-1005856/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әрінов Президентке атқарылып жатқан жұмыстар мен...

> Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады. Шыңғыс Әрінов: Төтенше жағдайлар министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары жөнінде есеп берді; Төтенше жағдайлар министрлігінің штаттық...

*Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады.* ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/d9329efab37dc54a440e33c4980eff.jpg) Шыңғыс Әрінов:

Төтенше жағдайлар министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары жөнінде есеп берді;

Төтенше жағдайлар министрлігінің штаттық құрылымын оңтайландыру және материалдық-техникалық құралдармен жабдықталу деңгейін арттыру мәселелері туралы баяндады;

Азаматтық қорғау академиясының құрылысы, әуе авиациясы паркін жаңарту және Каспий теңізінің жағасында Ұлттық теңіз жасағын құру жұмыстары жайында айтты:

– 20 өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ елордада тез құрастырылатын өрт сөндіру депосы мен жатақхана салу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылған; – министрлік әртүрлі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету шараларын жетілдіру жұмыстарын жүргізуде;

құтқару бөлімшелерін цифрландыру, кадрлық әлеуетті арттыру және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдауды күшейту шаралары туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ТЖМ құрылымын жетілдіру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді. [t.me/aqorda_resmi](https://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rinov-prezidentke-at-arylyp-zhat-an-zh-mystar-men-alda-y-zhospar-turaly-bayandady-1005856](https://yvision.kz/kk/post/rinov-prezidentke-at-arylyp-zhat-an-zh-mystar-men-alda-y-zhospar-turaly-bayandady-1005856)