---
title: "Ринат Зайытов: \"Сайлауға түспе деп ақша ұсынғандар..."
description: "Ринат Зайытов Qazaq AIRAN ютуб-арнасына берген сұхбатында «Ерлан Қошанов болмағанда «Аmanat» партиясына баспайтын ба едім» дейді. Журналист «Ринат депутаттыққа түкен кезде ақша беріп, бармай-ақ қойшы дегендер болды ма?» деп сұрады. «Болды. Кімдер..."
author: "orazali"
published: "2024-06-06T10:44:26+00:00"
modified: "2024-06-06T13:10:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rinat-zayytov-saylau-a-t-spe-dep-a-sha-syn-andar-boldy-1005378"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rinat-zayytov-saylau-a-t-spe-dep-a-sha-syn-andar-boldy-1005378/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ринат Зайытов: "Сайлауға түспе деп ақша ұсынғандар...

> Ринат Зайытов Qazaq AIRAN ютуб-арнасына берген сұхбатында «Ерлан Қошанов болмағанда «Аmanat» партиясына баспайтын ба едім» дейді. Журналист «Ринат депутаттыққа түкен кезде ақша беріп, бармай-ақ қойшы дегендер болды ма?» деп сұрады. «Болды. Кімдер...

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/8a1eaf2290767e43ded714081ea67d.jpg) Ринат Зайытов Qazaq AIRAN ютуб-арнасына берген сұхбатында «Ерлан Қошанов болмағанда «Аmanat» партиясына баспайтын ба едім» дейді. Журналист «Ринат депутаттыққа түкен кезде ақша беріп, бармай-ақ қойшы дегендер болды ма?» деп сұрады. «Болды. Кімдер екенін айтпаймын. Келіссөз жүргізген өзімнің досым. Сайлауға түспей-ақ қойшы, екіншіден, өтпей қалсаң, шулатпай-ақ қойшы деген екінші талабы болды. Бар ғой сөйлесетін адамдары. Сол жерде әңгімелескенде «одан кейін ешқайда осы әңгіме шықпай-ақ қойсыншы» деген келісім болды», - дейді Ринат Зайытов. Депутат сұхбат барысында қанша ақша ұсынғанын айтпайды. Алайда шығарылымның түсіндірмесінде «Заитовқа 200 мың доллар ұсынған кім?» деп жазылған. [Qaz365kz](https://t.me/qaz365kz)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rinat-zayytov-saylau-a-t-spe-dep-a-sha-syn-andar-boldy-1005378](https://yvision.kz/kk/post/rinat-zayytov-saylau-a-t-spe-dep-a-sha-syn-andar-boldy-1005378)