---
title: "Режиссер Найобе Томпсонның (Канада) қатысуымен «Адамзаттың Ұлы саяхаты» фильмнің көрсетілімі өтеді"
description: "Алғаш рет қазақ тілінде! Алғаш рет Қазақстанда! \"Адамзаттың Ұлы саяхаты\" атты фильмі арқылы, 130 ми..."
author: "Kazgeo"
published: "2016-11-23T05:57:16+00:00"
modified: "2016-11-23T06:01:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rezhisser-nayobe-tompsonny-kanada-atysuymen-adamzatty-ly-sayahaty-filmni-k-rsetilimi-tedi-729298"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rezhisser-nayobe-tompsonny-kanada-atysuymen-adamzatty-ly-sayahaty-filmni-k-rsetilimi-tedi-729298/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Режиссер Найобе Томпсонның (Канада) қатысуымен «Адамзаттың Ұлы саяхаты» фильмнің көрсетілімі өтеді

> Алғаш рет қазақ тілінде! Алғаш рет Қазақстанда! "Адамзаттың Ұлы саяхаты" атты фильмі арқылы, 130 ми...

![Адамзаттың Ұлы саяхаты](http://storage.yvision.kz/images/user/kazgeo/7FFL7oYYqKgI8I5SWpr2wodTrKq4Ou.png)

Алғаш рет қазақ тілінде! Алғаш рет Қазақстанда! "Адамзаттың Ұлы саяхаты" атты фильмі арқылы, 130 минут ішінде әр адамды толғандыратын ежелгі сұрақтарға қазақ тілінде жауап бермекпіз:

«Бір кездері ғаламшарымызда өмір сүрген адамзаттың басқа түрлері сияқты, хомосапиенс те қырылып қалатын еді. Құрып кетейін деген біз, қалай ғана аман қалдық? Тіл мен өнер қалай пайда болды? "адам ақыл-парасатының бесігі" деп ғалымдар нені айтады?»

Ғылыми-көпшілік деректі фильмнің билеттері Esentai Mall Kinopark холлында кино көрсетілім алдында әр адамға тегін беріледі. Орындар саны шектеулі! Ертерек келулеріңізді сұраймыз!

Өткізілетін жері: Esentai Mall – Kinopark (Алматы). Найобе Томпсонмен кездесу: қарашаның 28, 16:30. Кинокөрсетілім: карашаның 28, 18:00.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rezhisser-nayobe-tompsonny-kanada-atysuymen-adamzatty-ly-sayahaty-filmni-k-rsetilimi-tedi-729298](https://yvision.kz/kk/post/rezhisser-nayobe-tompsonny-kanada-atysuymen-adamzatty-ly-sayahaty-filmni-k-rsetilimi-tedi-729298)