---
title: "Рейдтік іс-шаралар жалғасын табуда"
description: "2020 жылдың 7-8 желтоқсанында Семей қаласының ТКҚҚББ қызметкерлері мониторингтік топтардың жұмысы ке..."
author: "userfacebook2218906431575078"
published: "2020-12-08T12:42:16+00:00"
modified: "2020-12-08T12:43:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/reydtik-is-sharalar-zhal-asyn-tabuda-886745"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/reydtik-is-sharalar-zhal-asyn-tabuda-886745/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Рейдтік іс-шаралар жалғасын табуда

> 2020 жылдың 7-8 желтоқсанында Семей қаласының ТКҚҚББ қызметкерлері мониторингтік топтардың жұмысы ке...

2020 жылдың 7-8 желтоқсанында Семей қаласының ТКҚҚББ қызметкерлері мониторингтік топтардың жұмысы кезінде бұрын анықталған 15 құқықбұзушылық фактісіне сәйкес ҚР ӘК 425-бабының 1 бөлімі бойынша хаттамалар толтырып, айыппұл салды.

2020 жылдың 7 желтоқсанында бұрын анықталған құқықбұзушылық фактілеріне сәйкес жеке кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына 9 айыппұл салынды. Атап айтқанда, а.ж. 25-27 қарашада көпшілік іс-шаралар (той) ұйымдастырылған «Toi Like», «Ақ Отау», «Алтын ғасыр» мейрамханаларының иелеріне және аталмыш іс-шараларды ұйымдастырушы (той иелері) 5 қала тұрғынына (1972, 1996, 1999, 1994, 2001 жж.) айыппұл салынды.

Сонымен қатар, 7 желтоқсанда айыппұл №9 қоғамдық көлікте медициналық бетпердесіз қатынаған 1992 жылғы қала тұрғынына да салынды.

А.ж. 8 желтоқсанында Семей қаласының ТКҚҚББ қызметкерлері, 2020жылдың 23 қарашасында Боровое көшесі, 61 мекен-жайында орналасқан жалға берілетін коттеджде көпшілік іс-шара ұйымдастырған 2000-2002 жылғы қаланың 6 тұрғынына айыппұл салды.

Анықталған он бес құқықбұзушылық фактілері үшін айыппұлдың жалпы сомасы 1 458 450 теңгені құрайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/reydtik-is-sharalar-zhal-asyn-tabuda-886745](https://yvision.kz/kk/post/reydtik-is-sharalar-zhal-asyn-tabuda-886745)