---
title: "Республикалық жоғарғы техникалық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өткізілді."
description: "2016 жылдың 27 қазан күні ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Аген..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-10-28T06:17:06+00:00"
modified: "2016-10-28T06:17:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-zho-ar-y-tehnikaly-kolledzhinde-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-shara-tkizildi-722177"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-zho-ar-y-tehnikaly-kolledzhinde-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-shara-tkizildi-722177/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Республикалық жоғарғы техникалық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өткізілді.

> 2016 жылдың 27 қазан күні ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Аген...

**2016 жылдың 27 қазан күні** ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Республикалық жоғарғы техникалық колледжі студенттерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Департамент өкілдері Б.Хайруллин және Е.Төлепқалиев қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие берудің негізгі бағыттары, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мәселелері бойынша түсінік беріп, қойылған сұрақтарға жауаптар берді.

Шара барысында колледж студенттері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өткізілген қабырға газетінің қорытындысы шығарылып, жеңімпаз топтар марапатталды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-zho-ar-y-tehnikaly-kolledzhinde-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-shara-tkizildi-722177](https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-zho-ar-y-tehnikaly-kolledzhinde-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-shara-tkizildi-722177)