---
title: "Республикалық ұйымдардың филиалдарындағы семинар-кеңестер"
description: "2016 жылдың 22 желтоқсанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Батыс Қазақстан облыстық филиа..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-12-23T00:13:59+00:00"
modified: "2016-12-23T00:13:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-yymdardy-filialdarynda-y-seminar-ke-ester-740656"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-yymdardy-filialdarynda-y-seminar-ke-ester-740656/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Республикалық ұйымдардың филиалдарындағы семинар-кеңестер

> 2016 жылдың 22 желтоқсанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Батыс Қазақстан облыстық филиа...

![Республикалық ұйымдардың филиалдарындағы семинар-кеңестер](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/SAhvRfUrQHV4m4lQW15UlVAwEKNLHh.jpg)

**2016 жылдың 22 желтоқсанда** Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Батыс Қазақстан облыстық филиалы мен Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау кәсіпорнының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар**-**кеңес жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Б.Хайруллин қатысып, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізулер туралы түсіндірді.

Шара соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

![Республикалық ұйымдардың филиалдарындағы семинар-кеңестер](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/K1lb7unP7oWgeKSz7S7oBbMP09Eo0b.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-yymdardy-filialdarynda-y-seminar-ke-ester-740656](https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-yymdardy-filialdarynda-y-seminar-ke-ester-740656)