---
title: "Республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолында..."
description: "\"ҚазАвтоЖол\" республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы соңғы ақпаратты жариялады. 2024 жылғы 17 сәуірдегі сағат 08:30 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен..."
author: "jan.123"
published: "2024-04-17T04:56:04+00:00"
modified: "2024-04-17T15:12:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-ma-yzy-bar-11-avtomobil-zholynda-oz-alys-a-shekteu-oyyldy-1003518"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-ma-yzy-bar-11-avtomobil-zholynda-oz-alys-a-shekteu-oyyldy-1003518/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолында...

> "ҚазАвтоЖол" республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы соңғы ақпаратты жариялады. 2024 жылғы 17 сәуірдегі сағат 08:30 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен...

*"ҚазАвтоЖол" республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы соңғы ақпаратты жариялады.* 2024 жылғы 17 сәуірдегі сағат 08:30 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7575 метр болатын су тасқыны орын алды. 5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды. Қазіргі таңда республикалық жолдарда 356 бірлік техника мен 438 адам жұмылдырылған.

https://t.me/qazavtojol

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-ma-yzy-bar-11-avtomobil-zholynda-oz-alys-a-shekteu-oyyldy-1003518](https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-ma-yzy-bar-11-avtomobil-zholynda-oz-alys-a-shekteu-oyyldy-1003518)