---
title: "Республикалық біліктілікті арттыру курсында дәріс оқылды"
description: "🔴2019 жылғы 29 қазан күні Оқушылар сарайында ұйымдастырылған «Қосымша білім беру жағдайында ерекше б..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-10-29T14:29:37+00:00"
modified: "2019-10-29T14:29:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-biliktilikti-arttyru-kursynda-d-ris-o-yldy-843574"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-biliktilikti-arttyru-kursynda-d-ris-o-yldy-843574/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Республикалық біліктілікті арттыру курсында дәріс оқылды

> 🔴2019 жылғы 29 қазан күні Оқушылар сарайында ұйымдастырылған «Қосымша білім беру жағдайында ерекше б...

🔴2019 жылғы 29 қазан күні Оқушылар сарайында ұйымдастырылған «Қосымша білім беру жағдайында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға рухани-эстетикалық тәрбие беру» тақырыбында республикалық біліктілікті арттыру курсында Превенция және парасаттылық басқармасы басшысы Б.М.Хайруллин «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбында дәріс оқыды. 📍Дәріс барысында оқушылар тәрбиесі саласындағы педагог қызметкерлерге еліміздің саяси бағдары, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласының ұстанымдары мен бағыттары түсіндірілді. 📌Шара қатысушылары өскелең ұрпақ бойында жемқорлыққа қарсы түсінікті қалыптастыруда тәрбиелік шаралардың маңыздылығын атап өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-biliktilikti-arttyru-kursynda-d-ris-o-yldy-843574](https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-biliktilikti-arttyru-kursynda-d-ris-o-yldy-843574)