---
title: "Республикалық Бақытжан Байқадамов атындағы конкурсты дайындау және өткізу қағидасы"
description: "1. Жалпы ережелер Республикалық Бақытжан Байқадамов атындағы конкурс (бұдан әрі - Конкурс) Қазақстан..."
author: "Mki_gov"
published: "2013-09-17T01:13:24+00:00"
modified: "2013-09-17T01:13:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-ba-ytzhan-bay-adamov-atynda-y-konkursty-dayyndau-zh-ne-tkizu-a-idasy-374343"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-ba-ytzhan-bay-adamov-atynda-y-konkursty-dayyndau-zh-ne-tkizu-a-idasy-374343/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Республикалық Бақытжан Байқадамов атындағы конкурсты дайындау және өткізу қағидасы

> 1. Жалпы ережелер Республикалық Бақытжан Байқадамов атындағы конкурс (бұдан әрі - Конкурс) Қазақстан...

- **1.** **Жалпы ережелер**

- Республикалық Бақытжан Байқадамов атындағы конкурс (бұдан әрі - Конкурс) Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 15-ші желтоқсанындағы «Мәдениет туралы» Заңының 7-бабы 12-тармағына сәйкес ұйымдастырылады.

- Конкурс 2013 жылғы 21-23 қазанда Алматы қаласында өтеді.

- Конкурстың қорытындысы бойынша шағын дискіге (СД) жазылған бейнематериал шығарылады.

**2. Мақсаттары мен міндеттері**

 

- Конкурстың мақсаттары мен міндеттері болып мыналар табылады:

1) Қазақстанда хор музыкасын насихаттау;

2) хор ұжымдарының кәсіби шеберлігін арттыру;

3) жастарды эстетикалық және патриоттық рухта тәрбиелеу;

4) мемлекеттің мәдениет саласындағы саясатын жүзеге асыру.

 

**3. Конкурсты өткізудің тәртібі мен шарттары**

- Конкурсқа республикамыздың хор ұжымдары мынадай екі түрлі категорияда қатыса алады:

- кәсіби хор ұжымдары;

- оқу орындарының хор ұжымдары.

- Конкурс бағдарламасы мынадай 3 шығармадан тұруы қажет:

- хорға лайықталып өңделген қазақтың халық әні;

- шетелдік немесе орыс композиторларының шығармалары;

- Б.Байқадамовтың шығармалары.

*Ескертпе: бір шығарма a cappella түрінде болуы керек. Конкурс бағдарламасының ұзақтығы 10 минуттан аспауы шарт.*

- Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер төмендегі көрсетілген құжаттарды 2013 жылғы 7 қазанға дейін ұсынуы керек:

1) Қағиданың 1-ші қосымшасына сәйкес өтініш;

2) ұжым туралы ақпарат;

3) хор ұжымының саны мен құрамы;

4) ұжымның фотосуреті (электрондық түрде JPEG форматында);

5) хор жетекшісінің фотосуреті (электрондық түрде JPEG форматында);

6) конкурстық бағдарлама.

Конкурсқа қатысушылардың құжатары мына электронды пошта арқылы қабылданады: yerseitova@mail.ru; байланыс телефоны: (87172) 99 98 33.

Конкурсқа қатысуға берілген ұсыныс қатысушының осы Қағида талаптарымен толықтай келіскендігін білдіреді.

- Конкурсқа жіберілген құжаттар қайтарылмайды.

- Сыйақылар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің курсы бойынша теңге түрінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық түрлері алына отырып беріледі.

- Конкурстың ұйымдастыру комитетімен келісе отырып жеке және заңды тұлғалар түрлі арнайы сыйлықтарды тағайындай алады.

- Ұйымдастырушылар Конкурс өтетін күндері қатысушылардың (әрбір хор ұжымынан 40 адам) Алматы қаласында қонақ үйде тұру шығындарын 7 (жеті) АЕК аспайтын мөлшерде төлейді. Қатысушылар Алматы қаласына дейінгі және қайтар жол мен тәуліктік шығындарын өз тараптарынан төлейді.

- Алматы қаласына ұйымдастыру комитетінің белгілеген уақытынан бұрын келген қатысушылар межеленген уақыт келгенше барлық шығындарды өздері төлейді.

- Өнер көрсету кезегі жеребе арқылы жүзеге асырылады және бұл кезек Конкурстың соңына дейін сақталады.

- Конкурсанттар Конкурсқа өз сүйемелдеушілермен қатысады.

- Қатысушылардың шығармаларды орындау реттілігі еркін.

- Конкурс қатысушылары келген күні орындау бағдарламаларын анықтайды және оны Конкурс кезінде өзгертуге құқықтары болмайды.

- Хор ұжымдары көпшіліктің қатысуымен өнер көрсетеді.

- Барлық жеңімпаздардың қорытынды гала-концертке ақысыз қатысуы міндеттеледі.

- Қатысушылар гала-концертте қазылар алқасы ұсынған шығарманы орындауы тиіс.

 

**4. Ұйымдастыру комитеті**

 

- Конкурсты дайындау және өткізу бойынша Ұйымдастыру комитетінің құрамы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

- Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз функцияларын қоғамдық бастамамен жүзеге асырады.

- Ұйымдастыру комитеті мүдделі тараптармен Конкурсты жүзеге асыру жөніндегі сұрақтар бойынша қарым-қатынасты жүзеге асырады.

- Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.

- Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.

- Ұйымдастыру комитеті қатысушыларға қаламақы төлеусіз конкурсты радио, теледидар арқылы көрсету және тарату құқығына ие.

 

**5. Конкурстың қазылар алқасы**

 
 

- Конкурс қатысушыларының өнерін бағалау, сондай-ақ, қорытынды шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, мәдениет және өнердің көрнекті қайраткерлерінен құралады және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

- Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда, тақ сан болуы тиіс.

- Қазылар алқасы Ұйымдастыру комитетімен келісу бойынша жүлделі орындардың саны мен ақшалай сыйақының мөлшерін анықтайды.

- Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен ресімделеді және барлық қазылар алқасының мүшелері қол қояды.

- Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

- Конкурстың қазылар алқасы:

1) қатысушыны тоқтатуға;

2) жүлделі орындарды бермеуге немесе бөлуге (бас жүлдені қоспағанда) құқылы.

- Қазылар алқасы бағаларының критерийлері: орындаушылық шеберлігі, орындалатын шығармалардың конкурстың шарттарына сәйкестігі, сахналық киім.

 

**6. Қорытынды ереже**

 

- Осы Қағидамен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

 

______________________________

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-ba-ytzhan-bay-adamov-atynda-y-konkursty-dayyndau-zh-ne-tkizu-a-idasy-374343](https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-ba-ytzhan-bay-adamov-atynda-y-konkursty-dayyndau-zh-ne-tkizu-a-idasy-374343)