---
title: "Республикалық ақпараттық үгіт-насихат тобының өкілдері судьялармен кездесті"
description: "Сенат депутаттарымен кездесу жиынына құқық қорғау және мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Әр мекеме..."
author: "sko_sud"
published: "2014-12-16T10:53:29+00:00"
modified: "2014-12-16T10:53:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-a-paratty-git-nasihat-tobyny-kilderi-sudyalarmen-kezdesti-450129"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-a-paratty-git-nasihat-tobyny-kilderi-sudyalarmen-kezdesti-450129/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Республикалық ақпараттық үгіт-насихат тобының өкілдері судьялармен кездесті

> Сенат депутаттарымен кездесу жиынына құқық қорғау және мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Әр мекеме...

Сенат депутаттарымен кездесу жиынына құқық қорғау және мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Әр мекемеден келген өкілдердің әрқайсысы өздерінде Жолдау аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен жетістіктерге тоқталып өтті. Қысқа да нұсқа, ешкім ұзын-сонар баяндамамен тыңдаушыларды жалықтырған жоқ. Ең бастысы, нақты істер мен жоспарлар жайлы айтылды. Өз кезегінде судьялар қауымы Елбасы үндеуі бойға жігер, алдағы іске серпін берді дейді. Жолдау аясында сот саласында атқарылатын міндеттер айқындалған. 2015 жылдың 1-ші қаңтарынан жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық-атқару және Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекс қолданыла бастайды. Мақсат - қылмыспен күрес қызметін жетілдіре отырып қылмыстық жазалауды ізгілендіре түсу.

##### [Ссылка на видео](http://youtu.be/GlS25vjCpKc)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-a-paratty-git-nasihat-tobyny-kilderi-sudyalarmen-kezdesti-450129](https://yvision.kz/kk/post/respublikaly-a-paratty-git-nasihat-tobyny-kilderi-sudyalarmen-kezdesti-450129)