---
title: "Республикада ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай"
description: "Республикада ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі байқалады. Жедел эпидемияға қарсы шарал..."
author: "KZPP"
published: "2017-01-23T05:27:20+00:00"
modified: "2017-01-23T05:27:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/respublikada-zhrvi-zh-ne-t-mau-boyynsha-epidemiologiyaly-zha-day-751245"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/respublikada-zhrvi-zh-ne-t-mau-boyynsha-epidemiologiyaly-zha-day-751245/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Республикада ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

> Республикада ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі байқалады. Жедел эпидемияға қарсы шарал...

Республикада ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі байқалады. Жедел эпидемияға қарсы шараларды қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап ҚР халқының жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттанушылығы жағдайына және тұмау вирусының айналымына күнделікті мониторинг жүзеге асырылады.

Эпидемиялық маусымнан бастап (2016 жылғы 1 қазаннан бастап) 20 қаңтарға 317 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы, оның 1364 зертханалы дәлелденген тұмау жағдайы тіркелді.

ЖРВИ-мен сырқаттанғандардың негізгі үлесін (65 %) балалар құрайды, 1 жасқа дейінгі балаларға ЖРВИ-дың 10%-ы, жүкті әйелдерге 4%-ы келеді. Барлық ЖРВИ-мен сырқаттанғандар ішінде оқушылардың үлес салмағы 20%-ды, тұмаумен сырқаттанғандар 13%-ды құрады.

Тұмаудың негізгі асқынуы пневмония болып табылады, ол көбіне қауіпті топқа жататындар арасынан байқалады. Эпидемиялық маусым басталғаннан бастап пневмонияның 7 мыңнан астам жағдай тіркелді, оның 75% 14 жасқа дейінгі балалар арасынан тіркелді.

Қостанай облысының Денисов ауданының Приреченск орта мектебінде оқушылардың сырқаттануы эпидемиялық шектен жоғары болуына байланысты ағымды жылдың 27 қантарға дейін оқу процесі тоқтатылды.

ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің зертханалық қызметі тұмау вирусының және басқа да тұмау емес инфекциялардың айналымына мониторингті жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта тұмаудың A/H3N2 (59%-ы) вирусы және В (41%-ы) вирустарының айналымы анықталды. Бұдан басқа алдыңғы жылдардағыдай ҚР аумағында парагрипп, респираторлық-синцитиалды, метапневмовирусты, бокавирусты, риновирусты және аденовирусты сияқты тұмау емес инфекциялардың айналымы байқалады. **http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6852**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/respublikada-zhrvi-zh-ne-t-mau-boyynsha-epidemiologiyaly-zha-day-751245](https://yvision.kz/kk/post/respublikada-zhrvi-zh-ne-t-mau-boyynsha-epidemiologiyaly-zha-day-751245)