---
title: "Ресми Теһран Израильге қарсы әскери операцияның..."
description: "Иран әскерилері Израильге қарсы операцияны аяқтағанын айтты. Фото: Reuters «Түнде басталған «Әділ уәде» операциясы сәтті аяқталды. Сөйтіп, алға қойылған міндеттің бәрін орындауға қол жеткізілді», – деді Иран қарулы күштерінің штаб бастығы..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-04-14T10:11:41+00:00"
modified: "2024-04-14T10:26:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/resmi-te-ran-izrailge-arsy-skeri-operaciyany-aya-tal-anyn-m-limdedi-1003375"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/resmi-te-ran-izrailge-arsy-skeri-operaciyany-aya-tal-anyn-m-limdedi-1003375/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ресми Теһран Израильге қарсы әскери операцияның...

> Иран әскерилері Израильге қарсы операцияны аяқтағанын айтты. Фото: Reuters «Түнде басталған «Әділ уәде» операциясы сәтті аяқталды. Сөйтіп, алға қойылған міндеттің бәрін орындауға қол жеткізілді», – деді Иран қарулы күштерінің штаб бастығы...

*Иран әскерилері Израильге қарсы операцияны аяқтағанын айтты.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/636adf56746318d83693cdc23fa099.jpg)

Фото: Reuters

«Түнде басталған «Әділ уәде» операциясы сәтті аяқталды. Сөйтіп, алға қойылған міндеттің бәрін орындауға қол жеткізілді», – деді Иран қарулы күштерінің штаб бастығы Мұхаммед Багери.

Ол қарымта соққының барлау орталығы мен авиабазаға жасалғанын жеткізді. Ресми Теһранның ойынша, Израильдің F-35 атқыш ұшақтары осы авиабазадан ұшып шыққан.

«Бұл орталықтар әжептәуір қирап, істен шығып қалды. Біз бұл операция міндетіп орындап, аяқталды деп санаймыз» – деді Мұхаммед Багери.

Ал Иерусалим мен Вашигнтон Израиль аумағына жіберілген 300-ге жуық зымыран мен ұшқышсыз аппараттың 99 пайызын атып түсіргенін мәлімдеді.

Айта кетейік, [Иран Израильге шабуылды](https://yvision.kz/kk/post/iran-izrailge-shabuyl-zhasady-1003365) Сирия астанасы – Шамдағы (Дамаск) консулдығына 1 сәуірде берген соққысына жауап ретінде жасаған еді. Ол кезде Ислам революциясы сақшылары элиталық корпусының жеті мүшесі қаза тапты. Көз жұмғандардың арасында ықпалды генерал Мұхаммад Реза Захеди бар.

Осылайша шабуыл тез басталып, тез аяқталды. Біреуі дипломаттарды қырды, енді біреуі әскери нысандарға соққы берді. Сонымен, екі жақ бір-бірімен есеп айырысқан шығар...

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/resmi-te-ran-izrailge-arsy-skeri-operaciyany-aya-tal-anyn-m-limdedi-1003375](https://yvision.kz/kk/post/resmi-te-ran-izrailge-arsy-skeri-operaciyany-aya-tal-anyn-m-limdedi-1003375)