---
title: "Ресми хат түрлері"
description: "Ресми іс қағаздар белгілі бір жүйге қойылған стандарттар бойынша жазылатын тіл. Солардың бірі рес..."
author: "dina_sharipkhanova"
published: "2016-04-13T11:49:00+00:00"
modified: "2016-04-13T11:49:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/resmi-hat-t-rleri-689048"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/resmi-hat-t-rleri-689048/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ресми хат түрлері

> Ресми іс қағаздар белгілі бір жүйге қойылған стандарттар бойынша жазылатын тіл. Солардың бірі рес...

![Ресми хат түрлері](https://storage.yvision.kz/images/user/dina_sharipkhanova/R77Vi7qW3RfvmlxswM7C3Ol6L9PJT6.jpg)

Ресми іс қағаздар белгілі бір жүйге қойылған стандарттар бойынша жазылатын тіл. Солардың бірі ресми хат жазу стилі. Оған: ресми хаттар, қызметтік жеке хаттар, ұсыныс хаттар, сұраныс хаттар, шағым хаттар, циркулярлы хаттар және жолдама хаттар.

**Ресми хаттар** белгілі бір мекеменің атқаратын қызметтерін жазбаша түрде қарастыруы. Бұл хаттар мекеменің атынан қызметтен тыс мәселелерді қозғамай жазылуы керек.

**Қызметтік жеке хатттар.** Бұл хат жеке тұлғаның атынан арналып жазылады және бір ерекшелігі көтеріліп отырған мәселенің басқа да, ұйымның шеше алатын мәселелерімен байланыстырылып жазылуы.

**Ұсыныс хаттар.** Бұл хат бір ұсыныс жасаушы тұлғаның атынан жазылады. Яғни, хат тек бір мақсатпен жазылады және өзінің қалыптасқан нормасы бар. Мысалы: қызметкерді белгілі бір орынға ұсыну және оған кепіл болу, т.б.

**Сұраныс хаттары.** Бұл хаттар да ұсыныс хаттар тәрізді бір мақсатпен жазылады. Көбіне белгілі бір мекеме өзіне қажетті ақпаратты сұратқан кезде, сол мекемеге жауапты адамның атынан жазылады.

**Шағым хаттар.** Бір қызметкердің немесе мекеменің заңсыз іс-әрекетіне шағымданып, оған шара қолдануды сұраған тұлға атынан жазылады. Хатта заңсыз іс-әрекетті дәлелдейтін фактілер болуы керек.

**Циркуляр хат.** Орталыққа бағынышты барлық мекемелерге бір уақытта таратылатын хат. Бұл көбінесе тапсырма түрінде жіберіледі.

**Жолдама хаттар.** Хатты жазу кезінде бұрыннан қалыптасқан нормаларды сақтау керек. Бұнда құжатпен жіберілетін қосымшалар жайында ақпарат енгізіледі. Ақпарат қосымшаның құрамы, саны, мазмұны және көлемі жайында мәлімет беруі керек.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/resmi-hat-t-rleri-689048](https://yvision.kz/kk/post/resmi-hat-t-rleri-689048)