---
title: "Ресейлік футболшы Сергей Давыдов – қазақстандық Премьер-лиганың ең қымбат ойыншысы"
description: "Фото: rsport.ru Қазанның «Рубинінен» «Ақтөбе» клубына жалға алу негізінде ауысқан ресейлік шабуыл..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-06-18T04:11:03+00:00"
modified: "2013-06-18T04:11:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/reseylik-futbolshy-sergey-davydov-aza-standy-premer-ligany-e-ymbat-oyynshysy-358162"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/reseylik-futbolshy-sergey-davydov-aza-standy-premer-ligany-e-ymbat-oyynshysy-358162/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ресейлік футболшы Сергей Давыдов – қазақстандық Премьер-лиганың ең қымбат ойыншысы

> Фото: rsport.ru Қазанның «Рубинінен» «Ақтөбе» клубына жалға алу негізінде ауысқан ресейлік шабуыл...

[!\[Ресейлік футболшы Сергей Давыдов – қазақстандық Премьер-лиганың ең қымбат ойыншысы\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/26c47755872453dd342ae552b4bc367e-300x225.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/26c47755872453dd342ae552b4bc367e.jpg) Фото: rsport.ru

Қазанның «Рубинінен» «Ақтөбе» клубына жалға алу негізінде ауысқан ресейлік шабуылшы Сергей Давыдовтың құны 2,8 млн еуро, деп жазады [Sports.kz](http://sports.kz/).

Бұл көрсеткіш Қазақстан біріншілігінде ең үздік деп саналады. Алматылық «Қайраттың» финдік жаңа ойыншысы Алексей Еременконың құны 1,2 млн евро, ал қарағандылық «Шахтердің» армян ойыншысы Геворк Казарян – 1 млн евро, «Астананың» бразилиялық қорғаушысы Зелао, «Тараздың» португалиялық жартылай қорғаушысы Мануэль Курто мен «Ақтөбенің» өзбек шабуылшысы Александр Гейнрих – 800 мың еуро.

Қазақстандықтардың арасында құны жағынан «Қайраттағы» Жамбыл Көкейев, «Ақтөбедегі» Алексей Мулдаров және «Астанадағы» Танат Нөсербаев алғашқы орында, отандық ала доптың қас шеберлері 500 мың теңгеден алады екен.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/reseylik-futbolshy-sergey-davydov-aza-standy-premer-ligany-e-ymbat-oyynshysy-358162](https://yvision.kz/kk/post/reseylik-futbolshy-sergey-davydov-aza-standy-premer-ligany-e-ymbat-oyynshysy-358162)