---
title: "Ресейлік Евгений Зиновьев «Сарыарқаның» бас бапкері болды"
description: "Фото дереккөзі:sports.kz «Сарыарқа» хоккей клубы команданың бас бапкер кандидатурасын жариялады..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-05-27T22:23:12+00:00"
modified: "2013-05-27T22:23:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/reseylik-evgeniy-zinovev-saryar-any-bas-bapkeri-boldy-354714"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/reseylik-evgeniy-zinovev-saryar-any-bas-bapkeri-boldy-354714/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ресейлік Евгений Зиновьев «Сарыарқаның» бас бапкері болды

> Фото дереккөзі:sports.kz «Сарыарқа» хоккей клубы команданың бас бапкер кандидатурасын жариялады...

[!\[Ресейлік Евгений Зиновьев «Сарыарқаның» бас бапкері болды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/f285a89558777c8bd68212a79113389a-300x225.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/f285a89558777c8bd68212a79113389a.jpg) Фото дереккөзі:sports.kz

 

«Сарыарқа» хоккей клубы команданың бас бапкер кандидатурасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz қарағандылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сарыарқа» Хоккей клубы басшылығы команданың бас бапкері қызметіне ресейлік маман Евгений Александрович Зиновьевті тағайындады»,-деп жазылған хабарламада.

Евгений Александрович Зиновьев шайбалы хоккейден спорт шебері, 1966 жылы 8 қазанда Челябинскте туған.

«Металлург» хоккей мектебінің тәрбиеленуші (Челябинск).

1984 -1996 жылдары «Молот» (Пермь), «Металлург» (Челябинск), «Трактор» (Челябинск) хоккей клубтарында ойнаған.

1996 — 2009 жылдары— «Трактор-2», «Мечел-2», «Мечел», «Газовик» клубтарының бас бапкері болған. Евгений Зиновьев соңғы үш маусымда «Южный Урал» командасын басқарды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/reseylik-evgeniy-zinovev-saryar-any-bas-bapkeri-boldy-354714](https://yvision.kz/kk/post/reseylik-evgeniy-zinovev-saryar-any-bas-bapkeri-boldy-354714)