---
title: "Ресейлік ғарышкер Астананы орбитадан тамашалады"
description: "Ол Қазақстанның бас қаласын жүрекке ұқсайды дейді. «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы біздің..."
author: "orazali"
published: "2024-01-22T03:06:35+00:00"
modified: "2024-01-22T03:06:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/reseylik-aryshker-astanany-orbitadan-tamashalady-1000122"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/reseylik-aryshker-astanany-orbitadan-tamashalady-1000122/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ресейлік ғарышкер Астананы орбитадан тамашалады

> Ол Қазақстанның бас қаласын жүрекке ұқсайды дейді. «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы біздің...

Ол Қазақстанның бас қаласын жүрекке ұқсайды дейді.

![Ресейлік ғарышкер Астананы орбитадан тамашалады](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/7f27ab201695fbf360c7a329d80506.jpg)

«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы біздің елорданың орбитадан түсірілген фотосын көрсетті. Халықаралық ғарыш станциясының терезесінен түнгі астананы ресейлік ғарышкер Олег Кононенко түсіріп алған.

«Түнгі уақытта әр қала өзінше өзгереді: бірі түн жамылып «ұйқыға» кетсе, бірі жұлдыздан асып жарқырап тұрады. Қазақстанның астанасы соған мысал бола алады. Егер үңіліп қарасаңыз, қаланың кескіні шеңбердің ортасында тұрған жүрекке ұқсайды», – делінген «Роскосмос» жазбасында.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/reseylik-aryshker-astanany-orbitadan-tamashalady-1000122](https://yvision.kz/kk/post/reseylik-aryshker-astanany-orbitadan-tamashalady-1000122)