---
title: "Ресейде бала туу көрсеткіші қатты төмендеп кетті"
description: "Путиннің «әрқайсың сегіз баладан туыңдар» дегеніне, жасанды түсікке шектеулер қойылып жатқанына..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-01-13T09:55:51+00:00"
modified: "2024-01-13T10:02:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/reseyde-bala-tuu-k-rsetkishi-atty-t-mendep-ketti-999834"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/reseyde-bala-tuu-k-rsetkishi-atty-t-mendep-ketti-999834/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ресейде бала туу көрсеткіші қатты төмендеп кетті

> Путиннің «әрқайсың сегіз баладан туыңдар» дегеніне, жасанды түсікке шектеулер қойылып жатқанына...

Путиннің «әрқайсың сегіз баладан туыңдар» дегеніне, жасанды түсікке шектеулер қойылып жатқанына қарамастан, Ресейде бала туу көрсеткіші көтерілмей тұр.

![Ресейде бала туу көрсеткіші қатты төмендеп кетті](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/dd1f12077963b984efcb4a59889de7.jpg)

Демограф Алексей Ракша осы елде былтыр дүниеге келген балаларды санап шығыпты. Өңірлердегі АХАЖ мекемелерінің мәліметтерін түгендеген ол 2023 жылы Ресейде 1,261-1,263 миллион сәби дүние есігін ашқан деп отыр. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға аз деген сөз.

Жалпы, Путин басқарғалы бері бұл көрсеткіштің аса бір өспегені байқалады. Бала туу бойынша ең төменгі деңгей 1999 жылы болған еді. Мемлекеттік статистика федералдық қызметінің мәліметі бойынша, ол кезде Ресейде 1,215 миллион бала туылған. Бірақ ол кезде Чешенстан мен 2014 жылы басып алынған Қырымдағы көрсеткіш қосылмаған еді. Егер осы екеуін қоспаса, өткен жылы Ресейде 1,213 миллион сәби дүниеге келген болар еді деп санайды Ракша.

t.me/RUSanctions

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/reseyde-bala-tuu-k-rsetkishi-atty-t-mendep-ketti-999834](https://yvision.kz/kk/post/reseyde-bala-tuu-k-rsetkishi-atty-t-mendep-ketti-999834)