---
title: "Ресей халқы биыл ерекше қатты тоңып жатыр"
description: "Мұндай да болады екен. Бүкіл ел суықтың зардабын тартуда. Бұған ең алдымен соғыс себеп дейді..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-01-11T10:44:55+00:00"
modified: "2024-01-11T10:45:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/resey-hal-y-biyl-erekshe-atty-to-yp-zhatyr-999772"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/resey-hal-y-biyl-erekshe-atty-to-yp-zhatyr-999772/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ресей халқы биыл ерекше қатты тоңып жатыр

> Мұндай да болады екен. Бүкіл ел суықтың зардабын тартуда. Бұған ең алдымен соғыс себеп дейді...

*Мұндай да болады екен. Бүкіл ел суықтың зардабын тартуда. Бұған ең алдымен соғыс себеп дейді сарапшылар.*

![Ресей халқы биыл ерекше қатты тоңып жатыр](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/dcad55ba499138c892286de265c3f0.png)

«Мәскеу тоңып жатыр! Ресейліктер жылусыз, ақшасыз қалды. Путин бәрін соғысқа жөнелтіп жатыр» деп жазуда украиналық журналистер.

Олар Ресейдің экономикасын әскери бағытқа бұрып, қарапайым адамдардың өмірімен ойнап отырғанын айтады. Ал бұған Мәскеу мен Ресейдің бірқатар өңіріндегі коммуналдық алапат апат дәлел бюола алатындай. Бұл кесапат Приморьеден Мәскеу түбіне дейін жалғасып жатыр екен. Елді мекендердің бірінен кейін бірінде жағдай нашарлаған. Үйлері суып кеткен соң далаға шығып, от жағып жылынып жүргендер бар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/resey-hal-y-biyl-erekshe-atty-to-yp-zhatyr-999772](https://yvision.kz/kk/post/resey-hal-y-biyl-erekshe-atty-to-yp-zhatyr-999772)