---
title: "Реформалар қызу талқылануда"
description: "Ағымдағы жылғы 6 маусымда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі аумақтық департаментінің қызметкері..."
author: "finpolsko"
published: "2016-06-06T22:21:41+00:00"
modified: "2016-06-06T22:21:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/reformalar-yzu-tal-ylanuda-696547"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/reformalar-yzu-tal-ylanuda-696547/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Реформалар қызу талқылануда

> Ағымдағы жылғы 6 маусымда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі аумақтық департаментінің қызметкері...

![Реформалар қызу талқылануда](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/bTD69H65De6MiKzjKylMREp17Az8Xa.jpg)

Ағымдағы жылғы 6 маусымда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі аумақтық департаментінің қызметкері Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiнiң СҚО бойынша департаментiнде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы реформаларды түсіндіру жөнінде кездесу өткізді.

![Реформалар қызу талқылануда](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/Aj6O28p07IKXWgQ5W6AXY54Nq87btu.jpg)

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы С.О. Айдарбеков «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының конкурс ресімдерді өткізу, мемлекеттік қызметті өткеру тұсындағы жаңашылдықтарына тоқталып, мекеме ұжымын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы және Әдеп кодексінің ережелерімен таныстырды.

Семинар соңында мемлекетте жүргізіліп жатқан реформалар қызу талқыға салынып, туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/reformalar-yzu-tal-ylanuda-696547](https://yvision.kz/kk/post/reformalar-yzu-tal-ylanuda-696547)