---
title: "Құрбан айт мейрамына орай «Сырдария» университетінің студенттерімен кездесу өтті"
description: "Бүгін \"Сырдария\" университетінің Жастар комитеті Құрбан айт мейрамына орай «Құрбан айт – құтты мере..."
author: "Makhtaralbaspasoz"
published: "2016-09-09T04:43:58+00:00"
modified: "2016-09-09T04:43:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rban-ayt-meyramyna-oray-syrdariya-universitetini-studentterimen-kezdesu-tti-711279"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rban-ayt-meyramyna-oray-syrdariya-universitetini-studentterimen-kezdesu-tti-711279/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құрбан айт мейрамына орай «Сырдария» университетінің студенттерімен кездесу өтті

> Бүгін "Сырдария" университетінің Жастар комитеті Құрбан айт мейрамына орай «Құрбан айт – құтты мере...

![Құрбан айт мейрамына орай «Сырдария» университетінің студенттерімен кездесу өтті](https://fbcdn-sphotos-c-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xpl1/v/t1.0-9/14222085_350588115329969_7683785941410336443_n.jpg?oh=770bdb0a96721dca3fcaafb6e866da53&oe=583C3AC6&__gda__=1484337226_2d325aaa7dcde9c9073bbc577259630a)

**Бүгін "Сырдария" университетінің Жастар комитеті Құрбан айт мейрамына орай «Құрбан айт – құтты мереке» атты тақырыпта студенттермен кездесу өткізді. Іс-шараға "Нұғман" мешітінің найб имамы Бағдат Шаймерден, Мақтарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Мұхтар Бейсенбаев, Phd докторы Алмасбек Шагибаев және Елемес қажы Сабыров қатысты. Іс-шараға Мақтарал ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і қолдау білдірді.**

Алғашқы болып сөз алған Phd докторы Алмасбек Шагибаев экстремизм мен терроризмге қатысты көптеген жағдайларды айтып өтті. Сириядағы болып жатқан соғыстардың кесірінен көптеген босқындардың Еуропа асып жатқанын, Түркияда оқып жүріп олардың қиын тағдырларын өз көзімен көргенін баяндады және радикалды ағымдардан сақтанудың жолдарын көрсетті. Сондай-ақ, "Нұғман" мешітінің найб имамы Бағдат Шаймерден студенттерді ұлы мейрам Құрбан айтпен құттықтай отырып, оның қалай аталып өтілуі жайлы түсініктеме беріп, жақсылықтың нышанын білдіретін ұлы мейрамның құндылығы жайлы баяндама жасады. Мақтарал ауданының ақсақалы Елемес қажы Сабыров студент жастарға өзінің басынан өткен өмірлік мәні бар оқиғаларымен бөлісті және қажылық туралы қызықты оқиғаларын әңгімелеп берді. Сонымен қатар, студент жастар келген қонақтарға көкейде жүрген сауалдарын қойып, жауаптар алды. Айта кетейік, "Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" жастар қанатының «Отбасын қолдау апталығы» акциясына орай студент жастарға отбасы құндылығы жайлы, отбасы мүшелерінің рөлі жайлы тұщымды әңгімелермен іс-шараның соңы жалғасын тапты.

![Құрбан айт мейрамына орай «Сырдария» университетінің студенттерімен кездесу өтті](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14238100_350588635329917_213429017943913266_n.jpg?oh=6a2fd31cc3a62cc4b40121a112dc1caf&oe=5837C07F)

![Құрбан айт мейрамына орай «Сырдария» университетінің студенттерімен кездесу өтті](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14203160_350587958663318_3921823878116917893_n.jpg?oh=a7d7f8b39c4dd1c68252a4ca415e54ec&oe=58787101)

![Құрбан айт мейрамына орай «Сырдария» университетінің студенттерімен кездесу өтті](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14203103_350588121996635_698233120407526865_n.jpg?oh=b0a458b27eb40c85b7c69e37c20ebe6e&oe=5884E131)

![Құрбан айт мейрамына орай «Сырдария» университетінің студенттерімен кездесу өтті](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14237767_350587971996650_9098971724925664709_n.jpg?oh=093a0e14c76edf88e0bd914565d4d446&oe=58774411)

![Құрбан айт мейрамына орай «Сырдария» университетінің студенттерімен кездесу өтті](https://fbcdn-sphotos-c-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xpl1/v/t1.0-9/14222085_350588115329969_7683785941410336443_n.jpg?oh=770bdb0a96721dca3fcaafb6e866da53&oe=583C3AC6&__gda__=1484337226_2d325aaa7dcde9c9073bbc577259630a)

![Құрбан айт мейрамына орай «Сырдария» университетінің студенттерімен кездесу өтті](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14224842_350588138663300_4652084353761651255_n.jpg?oh=4689402e8980af617380a8b593c578cc&oe=587B9866)

![Құрбан айт мейрамына орай «Сырдария» университетінің студенттерімен кездесу өтті](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14233064_350588168663297_4285136117229897594_n.jpg?oh=cf58f7c64d6cff34537fac5d6aeff560&oe=587B71C9)

![Құрбан айт мейрамына орай «Сырдария» университетінің студенттерімен кездесу өтті](https://fbcdn-sphotos-e-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xpa1/v/t1.0-9/14237617_350588328663281_5651916169667429351_n.jpg?oh=ea3db89aae1f0dd79ad44fb949da711b&oe=588428E8&__gda__=1484163920_6110ddc30e777cbd8768891a1c391181)

![Құрбан айт мейрамына орай «Сырдария» университетінің студенттерімен кездесу өтті](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14264804_350588415329939_3196161059827970285_n.jpg?oh=713ecfbe058d3e07f1744c2153f6a60f&oe=5839AC30)

![Құрбан айт мейрамына орай «Сырдария» университетінің студенттерімен кездесу өтті](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14224852_350588418663272_8710104825922499874_n.jpg?oh=37a8be3b78e556fced21192e92677017&oe=587AA439)

![Құрбан айт мейрамына орай «Сырдария» университетінің студенттерімен кездесу өтті](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14238213_350588478663266_5710654857442261303_n.jpg?oh=74f89b7652e70ef9c064dcae5721a2b3&oe=588385A5)

![Құрбан айт мейрамына орай «Сырдария» университетінің студенттерімен кездесу өтті](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14232394_350588211996626_5942060537113227143_n.jpg?oh=97a7160549c8f1981940e90de4890765&oe=583A5CC4)

![Құрбан айт мейрамына орай «Сырдария» университетінің студенттерімен кездесу өтті](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14225503_350587965329984_2042455600662118663_n.jpg?oh=6b9a30888ab2153643bf277007becec0&oe=583D2387)

![Құрбан айт мейрамына орай «Сырдария» университетінің студенттерімен кездесу өтті](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14191971_350588628663251_2506334264191665062_n.jpg?oh=77df76462e784e85fa62ad8eb1a97841&oe=58477A29)

**(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rban-ayt-meyramyna-oray-syrdariya-universitetini-studentterimen-kezdesu-tti-711279](https://yvision.kz/kk/post/rban-ayt-meyramyna-oray-syrdariya-universitetini-studentterimen-kezdesu-tti-711279)