---
title: "Құрбан айт 16 маусымда басталатын болды"
description: "Бүгін һижра жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Сондықтан биыл арапа 15 маусымға, Құрбан айттың бірінші күні 16 маусымға сәйкес келеді. Сурет: muftyat.kz \"Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-06-07T09:28:41+00:00"
modified: "2024-06-07T09:28:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rban-ayt-16-mausymda-bastalatyn-boldy-1005415"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rban-ayt-16-mausymda-bastalatyn-boldy-1005415/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құрбан айт 16 маусымда басталатын болды

> Бүгін һижра жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Сондықтан биыл арапа 15 маусымға, Құрбан айттың бірінші күні 16 маусымға сәйкес келеді. Сурет: muftyat.kz "Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде...

*Бүгін һижра жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Сондықтан биыл арапа 15 маусымға, Құрбан айттың бірінші күні 16 маусымға сәйкес келеді. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/b018d141d6431671be0584976d9d84.jpg)

*Сурет: muftyat.kz*

"Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады.

Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады.

2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал Құрбан айт 16 маусымға сай келеді", - делінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарламасында.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rban-ayt-16-mausymda-bastalatyn-boldy-1005415](https://yvision.kz/kk/post/rban-ayt-16-mausymda-bastalatyn-boldy-1005415)