---
title: "Құрамында қауырсын анықталған шұжық өнімдерін өндіру тоқтатылды"
description: "Жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік желілерде Көкшетау қаласының сауда желілерінен құрамында қауырсын бар..."
author: "KZPP"
published: "2017-01-06T07:02:00+00:00"
modified: "2017-01-06T07:02:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ramynda-auyrsyn-any-tal-an-sh-zhy-nimderin-ndiru-to-tatyldy-744845"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ramynda-auyrsyn-any-tal-an-sh-zhy-nimderin-ndiru-to-tatyldy-744845/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құрамында қауырсын анықталған шұжық өнімдерін өндіру тоқтатылды

> Жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік желілерде Көкшетау қаласының сауда желілерінен құрамында қауырсын бар...

Жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік желілерде Көкшетау қаласының сауда желілерінен құрамында қауырсын бар шұжық өнімдері сатып алынғаны туралы хабарлама пайда болды. Аталған факт бойынша Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің мамандары «Мясные времена» шұжық өнімдерін өндіруші «Prod Company «Pyarn» ЖШС-ға жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру барысында өндіру технологиясын өрескел бұзу фактілері анықталды.

Шикізатты дайындау цехының болмауы және технологиялық процестің ағымдылығын сақтамау себебі бойынша келіп түскен шикізат алдын ала тазартудан және шұжық өнімдері үшін тартылған етті дайындау алдында жуудан өтпеген, осының нәтижесінде өнімде қауырсын түрінде бөтен қосындылар болған.

Бұдан басқа, шикізатқа және дайын өнімге өндірістік бақылау ұйымдастырылмаған, осының салдарынан келіп түскен шикізаттың бір бөлігінде оның қауіпсіздігі мен сапасын растайтын құжаттар жоқ.

Өндірістен алынған «Prod Company «Pyarn» ЖШС-ның шұжық өнімдеріне жүргізілген зертханалық сараптама нәтижелері онда қауырсындардың бар екендігін растады.

Объектінің шағын бизнеске жатқызылуына байланысты Кәсіпкерлік кодекске сәйкес 3 жыл ішінде оны ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілген жоқ.

Тексеру барысында 2016 жылы кәсіпкер жұмыс істеп тұрған үй-жайды қайта жобалай отырып, сумен жабдықтау және су бұрудың болмауы кезінде алаңы 130 шаршы метр болатын қосымша өндіріс үй-жайын пайдалануға енгізгені, бұл бұрын келісілген технологияны бұзуға әкелгені анықталды.

Өндірісті кеңейту уәкілетті органның келісімінсіз жүргізілген.

Анықталған бұзушылықтар үшін заңды тұлға айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды. «Prod Company «Pyarn» ЖШС-ның директорына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Объектінің қызметі оны санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес келтіргенге дейін тоқтатылды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті сапасыз өнімді анықтаған тұтынушыға оның белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдіреді.

[http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6653](http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6653)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ramynda-auyrsyn-any-tal-an-sh-zhy-nimderin-ndiru-to-tatyldy-744845](https://yvision.kz/kk/post/ramynda-auyrsyn-any-tal-an-sh-zhy-nimderin-ndiru-to-tatyldy-744845)