---
title: "Рамазан айының күнтізбесі 2017. Қазақстан қалалары үшін ораза кестесі. Ораза кестесі 2017 жыл"
description: "Күллі мұсылман қауымы үшін Рамазан айы айлардың ерекшесі екені белгілі. Осы жылы Рамазанның алғашқы ..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2017-05-16T00:21:22+00:00"
modified: "2017-05-16T00:36:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ramazan-ayyny-k-ntizbesi-2017-aza-stan-alalary-shin-oraza-kestesi-oraza-kestesi-2017-zhyl-763197"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ramazan-ayyny-k-ntizbesi-2017-aza-stan-alalary-shin-oraza-kestesi-oraza-kestesi-2017-zhyl-763197/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Рамазан айының күнтізбесі 2017. Қазақстан қалалары үшін ораза кестесі. Ораза кестесі 2017 жыл

> Күллі мұсылман қауымы үшін Рамазан айы айлардың ерекшесі екені белгілі. Осы жылы Рамазанның алғашқы ...

Күллі мұсылман қауымы үшін Рамазан айы айлардың ерекшесі екені белгілі. Осы жылы Рамазанның алғашқы күні **мамыр** айының **27-жұлдызына** сәйкес келеді.

Маусымның **21-нен 22-сіне** қараған түні – **Қасиетті Қадір түні**.

Рамазан айы әдеттегідей **29** күнге созылып, **маусым айының 24**-і, сенбі күні бітеді.

**Маусым** айының **25-27** күндері аралығы Ораза айт мерекесі.

Рамазан айы мұсылман қауымы үшін айлардың ардақтысы. Рамазанның басталуы жаңа айдың тууымен сәйкес келетіндіктен, әр елде Рамазан әр түрлі уақытта басталады.

![Рамазан айының күнтізбесі 2017. Қазақстан қалалары үшін ораза кестесі. Ораза кестесі 2017 жыл](https://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/wK5dhie5eJ8bTWa58S998l4ovGHYYv.jpg)

Бұл айда Ораза ұстау мұсылманның бес парызының бірі болып табылады. Бұл күндері мұсылмандар барлық өкпе-реніштерін ұмытып, өзіне де, өзгелерге де тек жақсылық ойлауы керек. Тіпті соғыс болып жатқан елдер де қару-жарақтарын түсірулері қажет. Барлық іс Алла атымен басталып, Алла разылығы үшін істелуі керек.

Рамазан айында он бес жасқа толған әр мұсылман ауыз бекіткені, яғни ораза ұстағаны абзал. Ораза ұстаған адам күннің шығуы мен батуы аралығында ас-судан бас тартады. Сонымен қатар, ойын-сауықтан, жаман ойлардан, жағымсыз сөздерден бас тартады. Кешкі намаздан кейін ауыз ашар уақыты келеді. Ауызды сумен немесе құрмамен ашқан дұрыс.

Ораза ұстаудан босатылатын да жағдайлар болады, мәселен кәрі және әлсіз кісі, қатты сырқат науқас, аяғы ауыр әйел адам ораза ұстауы міндетті емес. Ал он бес жасқа әлі толмаған балалар түске дейін ауыз бекітсе болады. Ораза – астан бас тарту ғана емес, бұл адамның жан-тәні тазарып, жан-дүниесі рухани азық алып, сабырлыққа үйреніп, сенімі нығаятын уақыт. Өмірге басқа көзқараспен қарап, өмірлік құндылықтарды тағы да бір саралайтын уақыт. Сондай-ақ, Ораза айында жақсы істер істеу өте маңызды, дәл осы айда сіздің жасаған жақсылықтарыңыздың сауабы 700 есеге артпақ.

**Қадір түні** – түндердің ардақтысы. Қадір сүресінде дәл осы түні, Рамазан айының 26-сынан 27-сіне қараған түні Алла тағала Жәбірейіл арқылы Мұхаммед пайғамбарға Құранның алғаш сүрелерін түсіргені айтылады. Бұл түнді ұйықтамай, ізгі ниетпен ізгі тілектер тілеп, намазбен, Алладан біліп-білмей істеген қателіктер үшін кешірім сұрап өткізген дұрыс. Кейбіреулер осы түнді мешітте өткізеді.

Рамазан айы аяқталуымен, Ораза айт мейрамы басталады. Алғашқы күні Таңғы намазбен басталып, бұл мейрам үш күнге созылады. Мол дастархан жайылып, адамдар бір-біріне жақсы ниеттер білдіріп, бір-біріне қонаққа барады. Сондай-ақ, қайтыс болған жақын адамдарын еске алып, ас береді.

Ораза айы барысында мұқтаж адамдарға арнайы садақа жиналады, оны пітір садақа деп атайды. Пітір садақаны мешітке апарып тапсыруға болады немесе көмекке зәру адамға жеке беруге болады. Осы жылы пітір садақа мөлшері Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шеімімен 300 теңге болып бекітілді. Бұл ақшаны әрбір мұсылман беруі керек.

Рамазан айының күнтізбесі

**Астана қаласы бойынша ораза уақыты 2017**

**

![Астана қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/3811a/2sIi-GoYwfc.jpg)

**

**Алматы қаласы бойынша ораза уақыты 2017**

**

![Алматы қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/38110/FLanfaOBfDA.jpg)

**

**Ақтау қаласы бойынша ораза уақыты 2017**

**

![Ақтау қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/380fc/ZHkNzi5ARRo.jpg)

**

**Ақтөбе қаласы бойынша ораза уақыты 2017**

**

![Ақтөбе қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/38106/iM7ax-XY_p4.jpg)

**

** **

Атырау қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Атырау қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/38124/GxlVJKbXZ-s.jpg)

Жезқазған қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Жезқазған қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/3812e/KbWW5ZcmyLg.jpg)

Көкшетау қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Көкшетау қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/38138/K_UaJSysfxY.jpg)

Қарағанды қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Қарағанды қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/38142/jlcmpvcSM3A.jpg)

Қостанай қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Қостанай қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/3814c/f3WJfqeACOE.jpg)

Қызылорда қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Қызылорда қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/38156/ML8FCCu3cP8.jpg)

Орал қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Орал қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/38160/KVUd_wuq4oU.jpg)

Өскемен қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Өскемен қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/3816a/MmO23DGf-tA.jpg)

Павлодар қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Павлодар қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/38174/PxqgnthvFjQ.jpg)

Петропавл қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Петропавл қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/3817e/NDGWLovZzac.jpg)

Семей қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Семей қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/38188/UG7mJVJDNMU.jpg)

Талдықорған қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Талдықорған қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/38192/6AMZXyhagow.jpg)

Тараз қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Тараз қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/3819c/RKf4C7H0bYY.jpg)

Шымкент қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Шымкент қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/381a6/eyQKQAuHGA0.jpg)

Қандыағаш қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Қандыағаш қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/382ce/dQKvHumIywg.jpg)

Кентау қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Кентау қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/382d8/zXZc_LLoQNY.jpg)

Ленгер қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Ленгер қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/382ec/kfI1wWPIySI.jpg)

Түркістан қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Түркістан қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/382f6/UhtDeD6MmaY.jpg)

Форт-Шевченко қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Форт-Шевченко қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/38300/5HuJOzREP4s.jpg)

Хромтау қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Хромтау қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/3830a/gHq0HBUxIJo.jpg)

Шалқар қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Шалқар қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/38314/SknqBVhVVzI.jpg)

Сәтпаев қаласы бойынша ораза уақыты 2017

![Сәтпаев қаласы бойынша ораза уақыты 2017](https://pp.userapi.com/c638729/v638729149/3834e/abb6X_alV1A.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ramazan-ayyny-k-ntizbesi-2017-aza-stan-alalary-shin-oraza-kestesi-oraza-kestesi-2017-zhyl-763197](https://yvision.kz/kk/post/ramazan-ayyny-k-ntizbesi-2017-aza-stan-alalary-shin-oraza-kestesi-oraza-kestesi-2017-zhyl-763197)