---
title: "Рамазан айымен құттықтау"
description: "«Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысов Қаратал ауд..."
author: "ak.karatal.kz"
published: "2021-04-13T09:07:50+00:00"
modified: "2021-04-13T09:07:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ramazan-ayymen-tty-tau-930810"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ramazan-ayymen-tty-tau-930810/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Рамазан айымен құттықтау

> «Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысов Қаратал ауд...

«Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысов Қаратал ауданы тұрғындарын Рамазан айының басталуымен құттықтауы. Қадірлі аудан тұрғындары! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін рухани тұрғыдан жаңару кезеңі. Сондай-ақ, Ораза айында өзара сыйластық пен мейірім, ізгілік пен кешірім сияқты асыл қасиеттер дәріптеледі. Жұрт көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық көрсетуге, сауапты іс атқаруға ұмтылады. Ислам дінінің осындай мызғымас рухани құндылықтары мен жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы бірлік пен ынтымақты одан әрі нығайтуға ықпал етеді. Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын! Елімізге амандық, әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ramazan-ayymen-tty-tau-930810](https://yvision.kz/kk/post/ramazan-ayymen-tty-tau-930810)