---
title: "РАЛЛИ: Astana Motorsports командасы «Баха Польши 2014» жарысында үшінші орынды иемденді"
description: "Astana Motorsports командасының капитаны Артур Ардавичус «Баха Польши 2014» FIA Әлем Кубогының се..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-09-04T02:38:13+00:00"
modified: "2014-09-04T02:38:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ralli-astana-motorsports-komandasy-baha-polshi-2014-zharysynda-shinshi-oryndy-iemdendi-428084"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ralli-astana-motorsports-komandasy-baha-polshi-2014-zharysynda-shinshi-oryndy-iemdendi-428084/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# РАЛЛИ: Astana Motorsports командасы «Баха Польши 2014» жарысында үшінші орынды иемденді

> Astana Motorsports командасының капитаны Артур Ардавичус «Баха Польши 2014» FIA Әлем Кубогының се...

[!\[РАЛЛИ: Astana Motorsports командасы «Баха Польши 2014» жарысында үшінші орынды иемденді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/09/20140903115826-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/09/20140903115826.jpg)

Astana Motorsports командасының капитаны Артур Ардавичус «Баха Польши 2014» FIA Әлем Кубогының сегізінші кезеңінің қорытындысы бойынша үшінші орынды еншіледі.

Бұл туралы бүгін команданың баспасөз қызметінен хабарлады. Олар Польша жерінде өткен жарыста үш күн ішінде 800 шақырымға жуық жерді басып өткен. Аталмыш халықаралық жарысқа «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубы атынан Astana Motorsports командасының бір жүк көлігінің экипажы қатысты. Артур Ардавичус, оның штурманы Алексей Никижев және механик Даниэль Козловский жарыс жолына 302 нөмірлі Tatra автокөлігімен шықты. Бәсеке жолы аса ұзақ болмағанымен жүргізушілерден сақтықты, тиянақтылықты талап етті. Ой-шұқыры көп, тар әрі ирелең жолдар, қауіпті бұрылыстар мен құмдар, тастар жарысты күрделендіре түсті. Алайда Astana Motorsports командасы спорттық шеберлік танытып, жалпы есепте үшінші орынға ие болды. «Әрбір жарыс — біз үшін үлкен мүмкіндік. Онда біз барынша жақсы ойын өрнегін көрсетуге күш саламыз, — деді өз сөзінде Артур Ардавичус, — Біз бұл нәтижеге қуаныштымыз. Енді алда бізді «Марокко» раллиі күтіп тұр. Бұл атақты «Дакар» алдындағы жауапты жарыс болмақ. Біздің команда әлемдегі ең қауіпті ралли-марфон алдында автокөліктерді барынша бабына келтіріп, барынша жоғары нәтижеге ол қол жеткізуге тырысады». Айта кетелік, «Марокко» ралли-жорығы алдағы 3-9 қазан аралығында өтеді. Astana Motorsports командасы бұл бәсекеге үш жеңіл және бір жүк көлігінен құралған төрт экипажды шығарады. Команданың бас демеушісі — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.

Автор: [Жаппарберген Айбота](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/989)

Басты сөздер: [Алматы](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/253) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ralli-astana-motorsports-komandasy-baha-polshi-2014-zharysynda-shinshi-oryndy-iemdendi-428084](https://yvision.kz/kk/post/ralli-astana-motorsports-komandasy-baha-polshi-2014-zharysynda-shinshi-oryndy-iemdendi-428084)