---
title: "Құралайды көзге атқан мергендер"
description: "Қазақстандық мергендер АҚШ-та өткен халықаралық мергендер конкурсына қатысып алғашқы үштікке ілін..."
author: "dina_sharipkhanova"
published: "2016-04-07T06:18:53+00:00"
modified: "2016-04-07T06:18:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ralaydy-k-zge-at-an-mergender-688005"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ralaydy-k-zge-at-an-mergender-688005/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құралайды көзге атқан мергендер

> Қазақстандық мергендер АҚШ-та өткен халықаралық мергендер конкурсына қатысып алғашқы үштікке ілін...

![Құралайды көзге атқан мергендер](https://storage.yvision.kz/images/user/dina_sharipkhanova/u5tQZkOvSe3G3glJ6CEUpqR18I2611.jpg)

Қазақстандық мергендер АҚШ-та өткен халықаралық мергендер конкурсына қатысып алғашқы үштікке ілінді.

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы «Форт Брэгг» әскери базасында 7-ші жыл сайын дәстүрлі түрде мергендер сайысы өткізілді. Бейресми халықаралық конкурста-бірінші орынды АҚШ, екінші орынды Германия, үшінші орынды Қазақстаннан қатысқан жұп жеңіп алды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ең мерген жұп 25 қатысушы командалар арасынан анықталды. Сайысқа Австралия, Германия, Голландия, Ирландия, Қазақстан, Сингапур және АҚШ-тан қатысты.

![Құралайды көзге атқан мергендер](https://storage.yvision.kz/images/user/dina_sharipkhanova/5zFmpEzW0XOnTqJpxd09R2AD778thN.jpg)

![Құралайды көзге атқан мергендер](https://storage.yvision.kz/images/user/dina_sharipkhanova/N2Ks7l4g1GMiOOiU4hL1t3Oc7WQ2rw.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ralaydy-k-zge-at-an-mergender-688005](https://yvision.kz/kk/post/ralaydy-k-zge-at-an-mergender-688005)