---
title: "Радиотыңдаушыларға қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті жөнінде айтылды"
description: "2017 жылдың 27 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-11-29T04:39:03+00:00"
modified: "2017-11-29T04:39:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/radioty-daushylar-a-o-amny-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denieti-zh-ninde-aytyldy-786457"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/radioty-daushylar-a-o-amny-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denieti-zh-ninde-aytyldy-786457/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Радиотыңдаушыларға қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті жөнінде айтылды

> 2017 жылдың 27 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққ...

2017 жылдың 27 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Ринат Ғаниматұлы Мұратов қалалық «Талап» радиосының «Актуалды сұхбат» бағдарламасына қатысты.

Ол өз сөзінде сыбайлас жемқорлық көріністерін мейлінше азайту үшін ең алдымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру керектігін атап өтті. Ол үшін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарымен мақсатты түрде жұмыстар жасалынып жатыр.

Сондай-ақ, ол Агенттіктің «Call-center» орталығының жұмысы жөнінде ақпараттандырып, азаматтар кеңес алу үшін немесе арыз-шағымдарымен хабарласа алатындығын атап өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/radioty-daushylar-a-o-amny-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denieti-zh-ninde-aytyldy-786457](https://yvision.kz/kk/post/radioty-daushylar-a-o-amny-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denieti-zh-ninde-aytyldy-786457)