---
title: "Рабат Жәнібеков қайтыс болды"
description: "Белгілі спорт комментаторы Рабат Жәнібеков 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы оның қызы, журналист Сәуле Жәнібекова әлеуметтік желіде хабарлады. «Қош бол, папа...», - деп жазды ол. Рабат Жәнібеков 1942 жылы 27 маусымда Түркістан..."
author: "orazali"
published: "2024-03-05T04:20:51+00:00"
modified: "2024-03-05T04:25:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/rabat-zh-nibekov-aytys-boldy-1001874"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/rabat-zh-nibekov-aytys-boldy-1001874/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Рабат Жәнібеков қайтыс болды

> Белгілі спорт комментаторы Рабат Жәнібеков 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы оның қызы, журналист Сәуле Жәнібекова әлеуметтік желіде хабарлады. «Қош бол, папа...», - деп жазды ол. Рабат Жәнібеков 1942 жылы 27 маусымда Түркістан...

Белгілі спорт комментаторы Рабат Жәнібеков 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

![Рабат Жәнібеков қайтыс болды](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/11dae26d36283059b1d3ac5d1475ae.jpg)

Бұл туралы оның қызы, журналист Сәуле Жәнібекова әлеуметтік желіде хабарлады.

«Қош бол, папа...», - деп жазды ол.

Рабат Жәнібеков 1942 жылы 27 маусымда Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы Рабат ауылында дүниеге келген.

1970-2000 жылдары ҚазТВ-да редактор, 2004 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-практикалық орталығында баспасөз хатшысы болып істеді.

1968 жылдан 2003 жылға дейін қазақ телевизиясында қызмет етті. 1973 жылдан бастап спорт бөліміне ауысып, комментаторлықты бастаған. Алғаш жүргізген матчы – Футболдан КСРО Чемпионатындағы «Қайрат» — «Торпедо» (Мәскеу) кездесуі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/rabat-zh-nibekov-aytys-boldy-1001874](https://yvision.kz/kk/post/rabat-zh-nibekov-aytys-boldy-1001874)