---
title: "Құрақ көрпелер көрмесі"
description: "Құрақ құрау қолөнердің ерекше бір түрі. Бұрынғы кезден-ақ қазақтар тілім-тілім маталарды құрап киім,..."
author: "Arsik"
published: "2012-11-07T23:21:00+00:00"
modified: "2012-08-12T23:13:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ra-k-rpeler-k-rmesi-282761"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ra-k-rpeler-k-rmesi-282761/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құрақ көрпелер көрмесі

> Құрақ құрау қолөнердің ерекше бір түрі. Бұрынғы кезден-ақ қазақтар тілім-тілім маталарды құрап киім,...

*Құрақ құрау қолөнердің ерекше бір түрі. Бұрынғы кезден-ақ қазақтар тілім-тілім маталарды құрап киім, көрпе, тұрмысқа қажетті түрлі дүниелерді жасайтын. Құрақ жабдықтар тек әдемілік үшін ғана жасалған емес. Ертеден сиқырлы күштерге сенетін қазақтар құрақтан тігілген заттар да оның иесін тіл-көзден сақтап, үйіне бақыт алып келетіндігіне сенген. Ал ең бастысы, құрақ-құрақ бұйымдар отбасының татулығын сақтап, ру мен ру, тайпа мен тайпа арасындағы адамдардың бірлігін нығайтатындығына нанған.*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/g1oVKjn0iUj44fq0Z0jJoXLDk3LHWw.jpg)

Жыл өткен сайын жаңа технологиялар дамып, құрақ құрау өнері әлем бойынша танылып келеді. Бүгінгі күні Ресей, Жапония, АҚШ, Германия сынды Еуропаның көптеген елдерінде құрақ құрау ассоциациялары белсенді жұмыс істеуде.

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/a5d56u3r8FUSQsb09pl1F4Ge2aCoCN.jpg)

Қазақстандағы құрақшылардың басын біріктіру, халықаралық байқауларға шығуға мүмкіндік жасау, қазақтың ертеден келе жатқан ерекше қолөнеріне жастардың назарын аударту мақсатында Қазақстан құрақ құрау шеберлерінің ассоциациясы «Бастауларға саяхат» деп аталатын Республикалық 3-ші байқау ұйымдастырған болатын.

Бұл байқауда еліміздегі құрақ құраудың нағыз шеберлері мен өнердің осы түрін өзіне серік еткен құрақшылар туындыларын көрермендер назарына паш етті.

Байқаудан өтті, он саусағынан өнері тамған шеберлер өз еншілерін алды. Ал олардың ғажап туындыларын Ә.Қастеев атындағы мұражайдан тамыз айының 19-шы жұлдызына дейін тамашалай аласыздар.

Төменде көрмеге ұсынылған туындылар.

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/h4Z7w670lt4ffuYOQrlr9K1PD7OniT.jpg)

*Кривец Н. "Қазақ жәдігерлері"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/YB5ymmQwibsda1N46uTAhcd94tBc0D.jpg)

*Портала Н., Чеснова О. "Шаңырақ"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/q9N11Fp3L8nT2hGA6NmjUh0XA88pHS.jpg)

*Портала Н., Чеснова О. "Керуен"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/cpoNwu6ysi4JL15FV8nIfS58tzq5nD.jpg)

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/PpZh5L9hJQ6sCG8OTk663m78J6rZ72.jpg)

*Портала Н. "Дүние жасау"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/En2Oz4915qF04wyWIJ1Y0yye4tK82D.jpg)

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/1f34RkkQozBXMsgAa98Ot4RCpKpz32.jpg)

*Радуга Т. "Қарияның әндері"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/DX33Kug2Rm1eT5WDYBn5zF3zsyZUTn.jpg)

*Кәрімова Ә. "Түсті бастаулар"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/lJ6VT07RfX6r0Zu7n6s42s2aIiPq2M.jpg)

*Узбекова Ә. "Сахаралық себептер"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/eWAm2MuFJmpH0RnmREnF934tO4Tm2K.jpg)

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/DZamQ4638sHde6boirdjya6Jl54fzG.jpg)

*Портала Н., Чеснова О. "Алтын ою"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/5JCdfIynDY2HybJLph9ZND807N26GR.jpg)

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/83H8Tek5gue9taDI42qGDE3kA02tX1.jpg)

*Кап Бұлбұл "Гүлдер"*

* Төлебаева А. "Құрақ көрпе"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/9m5iFFpV3jp8pww1EAWaeCmLfJF8T8.jpg)

*Павлова Татьяна "Алма"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/TI1kLkhZhxD5vxZbiqNw30On5BPc5S.jpg)

*Максим Белов "Алма"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/XqHLreT0Y90vZNXRtBLI9zb9O80xC7.jpg)

*Кищенко София "Алма"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/Xs54XhzS02KqQ1A6jkxKQwLQwbNdA2.jpg)

*Бородулина Л. "Ас үйлік"*

* Муханова Людмила "Алма"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/xpGFdsJtUFK0DgVBUVbXb5cwiVc22X.jpg)

*Янченко Людмила "Алма"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/wr0t15mJ06K4us2ESLw6NT1DvfXWIO.jpg)

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/bnAOnwU5QLhwuxf0GA7010H3R4sSm3.jpg)

*Сабитова Софья "Алма"*

* Кищенко Софья "Алма"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/59rWd8ii8D6KOhAN8Dn9cBYWqS453q.jpg)

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/5Ixf3HYQxAm8qFk732cVpz666Es67l.jpg)

*Фусс И. "Гүл дала"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/6XJjUGxLjIMJSv1sm5tyi7TuM60xKI.jpg)

*Майиндурова Г. "Нәзіктік"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/xODQ9aoL1xSrEUA4NoiyS1FLij5lOz.jpg)

*Евротекстиль "Египет"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/bmDbpZqsFuPbBE2eWe7Cn7yB5rJzq5.jpg)

*Фусс И. "Джинс қиял"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/7X0NrZLRptDXs08J5ODe1YIchdmnFs.jpg)

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/UYm2sbL4Re5aW89WyqCvmdn4Z9IUTn.jpg)

*Кап Бұлбұл "Қазақ стиліндегі панно"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/k78Bt9797D7222fN65fO1uCKRljfEP.jpg)

*Балдығұлова Б. "Баян"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/aZf4Ok4x1AM1R83C27GYFblT62EVvi.jpg)

*Янченко Н. "Жазғы таң"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/L1G1PYKgKy1y9Wd7sg8N9VLNtKeWu0.jpg)

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/4L1mriTUF2A50yTmRjdvK6CYxv51RA.jpg)

*Большакова М. "Сакураның гүлдеуі"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/1P8s1HPXk223TdhOcWemJHejtiW4aP.jpg)

*Кищенко С. (Квилт-студия "Душегреечка") Түйме жұмыстары топтамасы*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/6v3knOOiyf1YMPqAFL2RgqN7aQ9vVb.jpg)

*Янченко Л. (Квилт-студия "Душегреечка") Түйме жұмыстары топтамасы*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/1e7l3q7yrg5njD7DT6dRHG689phOKt.jpg)

*Мұқанова Л. (Квилт-студия "Душегреечка") Алма-Ата*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/wTQo38h18dvZyD0ONLR0GRnV4WVY41.jpg)

*Большакова М. "Өмірдің бұраң жолдары"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/udlh93QTk6QtfD75P5dE1rWrP33kap.jpg)

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/KdDVDzsReNkUs03cWcMgSLeKWJZ0ei.jpg)

*Балдығұлова Б. "Калейдоскоп"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/etzV81rK8VTLuSt308n8oKsKlBDFPO.jpg)

*Смышляева И. "Тәңірі ұмай"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/57NUyd2nLm6tdZf44DG3L2Cr214yv9.jpg)

*Кап Б. "Өмір ағашы"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/PVh12Hw8Jm6E3XOG7E6MOTPCB0x04S.jpg)

*Терлікбаева Г. "Қыш кітап"*

![Құрақ көрпелер көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/cji3KMYvCam3QjumWPSVKrh3bdj8jc.jpg)

*Балдығұлова Б. "Жаз"*

**Көрменің өткізілетін уақыты**: 4-19 тамыз 2012 жыл

**Адресі**: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы, Сәтбаев көшесі, 30а.

Көрмеге кіру **құны**:

Ересектерге - 100 теңге

Студенттерге - 70 теңге

Балаларға - 50 теңге

*Материалды дайындаған Айнұр Ракишева*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ra-k-rpeler-k-rmesi-282761](https://yvision.kz/kk/post/ra-k-rpeler-k-rmesi-282761)