---
title: "ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің қызметтері электрондық нысанда қолжетімді"
description: "Жер ресурстарын басқару агенттігінің (ЖРБА) төрт қызметі электрондық нысанда жұмыс жасайды және олар..."
author: "ceka"
published: "2014-07-28T01:28:01+00:00"
modified: "2014-07-28T01:28:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-zher-resurstaryn-bas-aru-agenttigini-yzmetteri-elektrondy-nysanda-olzhetimdi-423050"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-zher-resurstaryn-bas-aru-agenttigini-yzmetteri-elektrondy-nysanda-olzhetimdi-423050/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің қызметтері электрондық нысанда қолжетімді

> Жер ресурстарын басқару агенттігінің (ЖРБА) төрт қызметі электрондық нысанда жұмыс жасайды және олар...

Жер ресурстарын басқару агенттігінің (ЖРБА) төрт қызметі электрондық нысанда жұмыс жасайды және оларды Қазақстанның электрондық үкімет порталынан пайдалануға болады. Олар:

- [Жер теліміне кадастрлық ақпаратты беру](http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/house/earth_relation/passport/pass449_auzr&lang=ru).

- [Жер теліміне құқықты алғаш берудің құқық белгілейтін құжаты туралы ақпараттарды беру](http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/house/earth_relation/passport/pass451_auzr&lang=kk).

- [Жер телімінің тиесілігі туралы ақпаратты беру](http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/house/earth_relation/passport/pass448_auzr&lang=kk).

- [Жер теліміне сәйкестендіру құжаттарын жасау туралы ақпаратты беру](http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/house/earth_relation/passport/pass450_auzr&lang=kk).

Қызметтер жеке және заңды тұлғаларға да қолжетімді.
Е-қызметті алу үшін пайдаланушыға электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы және www.egov.kz. авторизациялануы жеткілікті. Порталдың басты бетінен «Жылжымайтын мүлік» бөлімін таңдайсыз және «Жер қатынастары» салынымын шертесіз. ЖРБА қызметтері сонымен қатар бас мәзірдегі «Мемлекеттік органдар бойынша қызметтер» бөліміне кіріп және «ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігін» таңдап табуға болады.
Мемлекеттік қызметтердің үлкен тізімінен пайдаланушы қажеттісін таңдайды және «Онлайн қызметке тапсырыс беруді» басады. Электрондық тапсырыс алаңына ақпаратты (ЖСН, кадастрлық нөмір) енгізгеннен кейін сұрау салу ЭЦҚ көмегімен куәландырылады.

Сұрау салынған ақпарат pdf-форматында бір сағаттың ішінде пайдаланушының жеке кабинетіне келеді.
ЖРБА қызметтері туралы, сондай-ақ басқада мемлекеттік қызметтер туралы нақтырақ eGov порталынан немесе 1414 тәулік бойы нөмірі бойынша білуге болады. Қоңырау шалу Қазақстанның барлық мобильдік және қалалық желілерінің абоненттері үшін тегін.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-zher-resurstaryn-bas-aru-agenttigini-yzmetteri-elektrondy-nysanda-olzhetimdi-423050](https://yvision.kz/kk/post/r-zher-resurstaryn-bas-aru-agenttigini-yzmetteri-elektrondy-nysanda-olzhetimdi-423050)