---
title: "Әр қызметкерді жұмысқа қалай қызықтырып, оны қалай ұстау керек? Ол қаншалықты қажет?"
description: "Бұл жерде керемет ештеңе жоқ. Бәрі компанияның қызметіне байланысты. Үлкен мекемелер үшін жуық арад..."
author: "mereika_91"
published: "2011-04-01T11:05:15+00:00"
modified: "2011-04-01T11:05:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-yzmetkerdi-zh-mys-a-alay-yzy-tyryp-ony-alay-stau-kerek-ol-anshaly-ty-azhet-127676"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-yzmetkerdi-zh-mys-a-alay-yzy-tyryp-ony-alay-stau-kerek-ol-anshaly-ty-azhet-127676/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әр қызметкерді жұмысқа қалай қызықтырып, оны қалай ұстау керек? Ол қаншалықты қажет?

> Бұл жерде керемет ештеңе жоқ. Бәрі компанияның қызметіне байланысты. Үлкен мекемелер үшін жуық арад...

Бұл жерде керемет ештеңе жоқ. Бәрі компанияның қызметіне байланысты. Үлкен мекемелер үшін жуық арадағы 5-15 жыл аралығында өздерінің нарықтағы даму қарқыны мен алар орнын болжау жеткіліксіз, сондай-ақ өз компаниясының ілгері басуы үшін осы мекеменің әр менеджері мен жұмыскері оған барынша атсалысуы керек. Ал олай болмаса, құрылған жоспар мен компания қызметі қоқыс жәшігінде жататын қағазға айналып кетуі ықтимал немесе заманауи тілмен айтқанда, жұмысқа жұмсайтын уақытыңызды сарп еткен компьютеріңіздегі бірнеше байт спам сияқты болуы мүмкін. Компания қызметінің өзектілігі неге төмендейді? Себеп біреу: менеджерлер бұл компанияда ұзақ қалатындарына сенімсіз. Не істеу керек?

Ең алдымен, ішкі қағиданың қаншалықты қажеттілігіне көз жеткізу керек. Егер керек болса, онда қатардағы әр қызметкер оны жатқа білуі тиіс. Қазір менеджердің стратегиялық тапсырма ұғымына қатысты ойлау деңгейі суретте көрсетілген. Көк пирамида компанияның ұжымдық пирамидасын көсетеді, ал пирамида компанияның даму жолын елестетуі, жалпы нарық пен стратегиялық міндеттер (сіз қызметтік баспалдаққа неғұрлым жоғарыда орналассаңыз, болашақты соғұрлым нақты болжай білуіңіз керек) көрсетілген. Алайда мұндай жағдайда әр қызметкерің уәжі күрделі мәселе болып қалады. Ол қандай деңгейде болуы керек немесе қаншалықты қажет?

Бұл жердекоманда құру немесе командалықрух туралы айтқан жөн сяқты. Бұл жерде шектен шыққан ештеңе жоқ, тек кадр бөлімі айналысатын материалдық стимул ( айлыққа үстеме, сақтандыру, тегін түскі астар және жұмысшылары үйді-үйлеріне тарату) тұрақтылық пен жақсы мамандарды ұстап тұру үшін тиімді құрал, алайда ол өнімділікті арттырмайы (жоғары өнімділіктің қажеті қанша деген сауал тумас деп ойлаймын).

Өз кезегінде жұмыс ережесінің қаталдығы да (электронды карталар мен жұмысқа келу уақытын қадағалау, апта сайын жиналыс) тиімді тәсіл, бірақ қаталдықпен мәжбүрлеуден өнімділік дәл алдыңғы деңгейде қала береді. Өнімділікті қалай арттыру керек? Жауапты әркім өз бөлімі, одан кейін компаниясы атқарған жұмыстың оң нәтижесін көрсетуге асығатын командалық рухтан іздеген дұрыс, бұл жерде материалдық стимулдың рөлі шамалы.

Пиаршының бұл жердегі жұмысы ұжымдық құрылымының құндылықтарын насихаттау болып табылады. Бұл процестің қарқындылығы, менеджерлер мен басшылық қызметінің ашық болуы. Осы жерде әскери құрылымнан мысал келтіре кеткен жөн – сарбаздар майданға жұмыс ережесі материалдық стимул үшін емес, патриоттық сезіммен барады. Легионерлердің жұмысы ұйымның өз қызеткерлерінікідей өнімді болмайды.

Бұл жерде пиаршының жұмысы рухани көсемнің, елді аузына қаратқан биді немесе сарбаздар отрядындағы қолбасшының жұмысымен тең, оның ұжымдағы қызметі одан кем болмауға тиіс.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-yzmetkerdi-zh-mys-a-alay-yzy-tyryp-ony-alay-stau-kerek-ol-anshaly-ty-azhet-127676](https://yvision.kz/kk/post/r-yzmetkerdi-zh-mys-a-alay-yzy-tyryp-ony-alay-stau-kerek-ol-anshaly-ty-azhet-127676)