---
title: "ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өткізілді"
description: "Ағымдық жылдың 15 желтоқсаны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қар..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-12-15T08:49:16+00:00"
modified: "2017-12-15T08:49:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-t-uelsizdik-k-nine-oray-saltanatty-zhiyn-tkizildi-789583"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-t-uelsizdik-k-nine-oray-saltanatty-zhiyn-tkizildi-789583/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өткізілді

> Ағымдық жылдың 15 желтоқсаны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қар...

Ағымдық жылдың 15 желтоқсаны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті ұжымында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін тойлау құрметіне салтанатты жиналыс өткізілді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының, «Қазақстан – 2050» стратегиясының идеясын және республикамыздың қазіргі заманғы даму тарихын көрсететін «Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең» тақырыбында баяндама оқылды.

Іс-шараға қатысушылар Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы естеліктерімен бөлісті, әрбіреуі өз тарихын айтты. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тілдің дәрежесін арттыру бойынша шаралар қабылдау мәселесі қозғалды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-t-uelsizdik-k-nine-oray-saltanatty-zhiyn-tkizildi-789583](https://yvision.kz/kk/post/r-t-uelsizdik-k-nine-oray-saltanatty-zhiyn-tkizildi-789583)