---
title: "Әр тұрғынның өмір сүру жағдайын жақсарту – басты мақсат"
description: "2020 жылың 25 желтоқсаны күні Күршім аудандық мәдениет үйінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты д..."
author: "kurshim.vko.nurotan.kz"
published: "2020-12-25T14:48:13+00:00"
modified: "2020-12-25T14:48:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-t-r-ynny-mir-s-ru-zha-dayyn-zha-sartu-basty-ma-sat-901599"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-t-r-ynny-mir-s-ru-zha-dayyn-zha-sartu-basty-ma-sat-901599/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әр тұрғынның өмір сүру жағдайын жақсарту – басты мақсат

> 2020 жылың 25 желтоқсаны күні Күршім аудандық мәдениет үйінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты д...

2020 жылың 25 желтоқсаны күні Күршім аудандық мәдениет үйінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Н.Қасымханов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық сайлауалды штабының жетекшісі М.Қалелов, штаб мүшесі Б.Нурумова әр тұрғынның өмір сүру жағдайын жақсарту – басты мақсаты болып табылатын «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы бойынша сайлауалды бағдарламаларымен таныстыру бойынша кездесу өткізді.

Жиын барысында Бибихан Қабылханқызы аудандағы 2019 жылғы атқарылған жұмыстарға талдау жасады: аудандағы көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысы, таза ауыз сумен қамту бойынша Боран, Маралды, Қалжыр т.б ауылдардағы атқарылған жұмыстар, жөнделген жолдар, Күршім аудандық, Марқакөл ауылдық ауруханаларындағы, Марқакөл ауылдық мәдениет үйіндегі, 6 ауылдық клуб, 36 мектептегі жөндеу жұмыстарына тоқталды. Ауыл ажарын аша түскен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Күршім, Марқакөл ауылдарында қойылған ескерткіштер мен субұрқақтардың ашылу салтанатына куә болған аудан тұрғындары алда атқарылар істерге сенімділік танытты.

«Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалы сайлауалды бағдарламасының 7 басымдығы аясында межеленген іс-шараларға талдау жасау барысында ауданымыздың арынды дамуға бет түзегеніне тыңдаушылар шын қуанды.

«Төретоғам» ЖШС директоры, меценат, ауыл жанашыры Нұрлан Есімханұлы өз сөзін аудан тұрғындарының көкейіндегі басты сұрақ болып келген Бұқтырма су қоймасы арқылы салынатын көпір құрлысынан бастады. Пандемия кезінде тұрғындар тарапынан үлкен маңыздылығын танытқан мектеп мұғалімдері мен дәрігерлердің еңбегі, еңбекақы көтеру бойынша алдағы кезеңдегі жоспарланған жағдайларды атады. Болашақта балаларының болашағы жарқын, денсаулықтары мықты болғанын қалайтын, ел жағдайы жақсарып, тұрмыс сапасы артсын деген сайлаушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Жалпы сайлауда облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Н.Қасымханов халықтық партияның жеңіске жететініне сенім білдірді.

Кездесу соңында еңбек және партия ардагері Е.Ақтекенов сайлауда халық қамын ойлайтын, болашағы кемел «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-t-r-ynny-mir-s-ru-zha-dayyn-zha-sartu-basty-ma-sat-901599](https://yvision.kz/kk/post/r-t-r-ynny-mir-s-ru-zha-dayyn-zha-sartu-basty-ma-sat-901599)