---
title: "Р. Сарсембаева: Қазақстанның ДСҰ-ға енуі бизнесмендерді тұтынушылар туралы ойлауға итермелейді"
description: "Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі отандық бизнесмендерді тұтынушылар туралы ойлауға, олар..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-07-14T00:51:00+00:00"
modified: "2015-07-31T00:52:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-sarsembaeva-aza-stanny-ds-a-enui-biznesmenderdi-t-tynushylar-turaly-oylau-a-itermeleydi-522685"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-sarsembaeva-aza-stanny-ds-a-enui-biznesmenderdi-t-tynushylar-turaly-oylau-a-itermeleydi-522685/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Р. Сарсембаева: Қазақстанның ДСҰ-ға енуі бизнесмендерді тұтынушылар туралы ойлауға итермелейді

> Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі отандық бизнесмендерді тұтынушылар туралы ойлауға, олар...

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі отандық бизнесмендерді тұтынушылар туралы ойлауға, олардың талабы және қызығушылықтарымен есептесуге итермелейді, деп мәлімдеді Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының президенті, әлеуметтік ғылымдар докторы Раушан Сарсембаева.

«Қазақстанның ДСҰ-ға енуі тарихи маңызды оқиға. Ол бізді әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуімізге жақындадатын қадамдардың бірі. Біз оған 19 жыл дайындалдық, біз аграрлық саладағы өз позициямызды ұстап қала білдік. Әрине бұл тым ұзақ шығар, алайда біз келіссөздер барысында өз мүддемізді қорғай білдік», – деді Р. Сарсембаева.

Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы президентінің пайымынша Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі отандық бизнесмендерді тұтынушылар туралы ойлауға, олардың талабы және қызығушылықтарымен есептесуге итермелейді.

«Отандық бизнестің қаншалықты әлемдік брендтермен бәсекелесе алатынына келетін болсақ, онда бұл сұраққа бір реттік жауап беру мүмкін емес екенін айтқым келеді. Әрине, алғашқыда біз кішкене жоғаламыз десек болады, алайда біз бұдан өтуіміз керек. Біз үшін мұны біреу істеп бермейді. ДСҰ-ның бәсекеге толы ортасы бизнестің тұтынышулар туралы ойлауға итермелейді», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, ДСҰ-ға ену туралы келіссөздер 19 жылға созылды. Қазақстан 1996 жылы 29 қаңтарда ДСҰ-ға ену туралы өтініш берген болатын. Ресми түрде біздің мемлекетіміз сауда ұйымының 162 мүшесі болады.

Сондай-ақ, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген соң қызмет аймағы мен сауда алаңы кеңейетіндігі, бәсекелестік күшейетіндігі туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Тимошенко айтып өткен болатын.

«Қазақстан ДСҰ-ға кірген соң қызмет алқабы кеңейіп, бәсекелестік күшейе түседі. Ал бәсекеліктік дегеніміз не? Бұл жаңа идеялар, жоғары технологиялар, ең бастысы өнімдер мен қызметтердің сапасы. Бүгінде біз кейбір бағыттар бойынша Ресейдің өзінің алдын алып отырмыз. Мысалы әлеуметтік жобалар, заңнама бойынша, өнеркәсіп саласы бойынша да заман ағымынан қалмай келеміз»,-деді Ю.Тимошенко.

Оның сөзінше, Қазақстан ДСҰ-ға кірген соң отандық кәсіпкерлер үшін сауда алаңы кеңейеді, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдері үшін.

«Осы ретте қазақстанда бидайдың қажеттілігін айтса болады, өйткені оның құрамында клейковина көп. Бидайдың қатты сорттарын бізден Ресей мен Италия сатып алады. Бұған қоса ет, сүт өнімдері мен кондитерлік өнімдерді мысалға келтіруге болады»,-деді депутат.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың маусымында жұмыс тобының соңғы отырыс өтіп, онда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздері аяқталғандығы жария етілді.

«ДСҰ-ға мүше болу біздің экономикамыз үшін жаңа көкжиектер ашады. Ол біздің кәсіпорындарымызға шетел нарығына жол ашып, тұрғындар үшін түрлі тауарлар мен қызметтерді ұсынады»,-деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты келіссөздердің аяқталуына орай халыққа жолдаған Жолдауында.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/23695http://strategy2050.kz/news/23695)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-sarsembaeva-aza-stanny-ds-a-enui-biznesmenderdi-t-tynushylar-turaly-oylau-a-itermeleydi-522685](https://yvision.kz/kk/post/r-sarsembaeva-aza-stanny-ds-a-enui-biznesmenderdi-t-tynushylar-turaly-oylau-a-itermeleydi-522685)