---
title: "ҚР прзиденттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың Петропавл қаласы «Севказэнерго» ЖШС-ның жұмысшы ұжымымен кездесуі"
description: "Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Петропавл қаласы «Севказэнерго» Ж..."
author: "AdilNazar"
published: "2015-04-03T03:26:12+00:00"
modified: "2015-04-03T03:26:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-przidenttigine-kandidat-bil-azy-sayynovty-petropavl-alasy-sevkazenergo-zhshs-ny-zh-mysshy-zhymymen-487735"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-przidenttigine-kandidat-bil-azy-sayynovty-petropavl-alasy-sevkazenergo-zhshs-ny-zh-mysshy-zhymymen-487735/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР прзиденттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың Петропавл қаласы «Севказэнерго» ЖШС-ның жұмысшы ұжымымен кездесуі

> Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Петропавл қаласы «Севказэнерго» Ж...

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Петропавл қаласы «Севказэнерго» ЖШС-ның жұмысшы ұжымымен кездесті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/0hic2vrOkLfb810p88qgu6qS9HF5Hq.jpg)

Кездесу барысында ҚР Президенттігіне кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы баяндап берді.

«Экологиялық аспектілердің қажеттілігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін назарға ала отырып, экологиялық қауіпсіз дамуға көшудің негізгі міндеттерін адамзат дамуымен қатар қарастыруды ұсмынып отырмын.

Жағымсыз экологиялық жағдай жалпы Әлемдегі өзекті проблемаға айналып отыр, себебі өнеркәсіпті дамытуда қоршаған ортаның мүмкіндіктері назардан тыс қалып, көп жағдайда табиғатты қорғау технологиялары пайдаланылмайды», - деп атап өтті Әбілғазы Құсайынов.

Салдарынан, кандидаттың пікірінше, табиғаттың экожүйесіне жүктелген өндірістік салмақ бірнеше есеге арта түсті.

Табиғат қойнауын тиімсіз пайдалану, қоршаған ортаның қалдықтармен ластануы, гендік қор мен биологиялық әртүрліліктің жұтаңдануы қоршаған табиғи ортаны аздырып, айналып келгенде, мұның соңы адам денсаулығына кері әсерін тигізіп жатыр.

Күн сайын артып отырған урбанизация, су мен жел эрозиясы, сонымен қатар физикалық және химиялық азып-тозу қиратушы процесстің басты себептеріне айналды.

Биологиялық әртүрліліктің азаюы – осынау әрекеттердің салдары. 21 ғасырдағы қазіргі үрдіс сақталатын болса, ғаламшарды мекен еткен барша тіршіліктің 1/5 бөлігі мүлде жойылып кетуі мүмкін.

Сонымен қатар, атмосфераның кеңауқымды ластануы әлем экологтарын аса алаңдатып отыр.

Аталмыш мәселелердің маңызы аса зор, себебі жалпы адамзаттың болашағы осы түйткілдердің сапалы шешілуіне тәуелді.

Ә.Құсайынов өз баяндамасында атап өткендей, бүгінде экологияның кең мағынасына тереңнен бойлап, жеке үйің, яғни биосфера, оның даму ерекшеліктері мен осы үрдістегі адамның рөлі ретінде түсіну қажет.

Адам өз әрекетінің салдары жайында ойланбастан, биосфераны жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалана бастады.

Адамзаттың барлық техногендік жетістіктеріне қарамастан, адамдар табиғат әлемі өз траекториясымен өмір сүріп, дамитынын, табиғаттың дүлей күші адам еркіне көнбейтінін естен шығарып алды.

Соңғы жылдары Жер шарының түрлі нүктелерінде орын алған табиғи апаттар соның айқын дәлелі.

Табиғат алапат күшіне мінсе, жер сілкісіні, құрғақшылық, су тасқыны немесе цунами ретінде ғана жауап беріп қоймай, одан да қауіпті жаһандық орны толмас қайғыға алып келуі мүмкін.

Жаһандық жылыну мен озон қабатының ыдырауы – қанағатсыз адам өркениетінің нәтижесі.

Табиғатпен үйлесімді өмір сүру – Жер бетіндегі адам тіршілігінің негізгі ұстанымы осындай болуы тиіс. Табиғатты тек оның заңдылығы бойынша бағындыруға болады.

Адам биосфера дамуының заңдарын жақсы түсініп, оның құлдырауына алып келетін әрекеттерді бақылауда ұстауы керек және жоғарыда атап өткен үрдістердің алдын алу үшін барын салуы тиіс», - деген пікірімен бөлісті ҚР президенттігіне кандидат.

Сонымен қатар «Севказэнерго» ЖШС жұмысшы ұжымымен кездесу барысында Ә.Құсайыновтың республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламан да сөз сөйледі.

«Біздің кандидат атап өткендей, экономикалық жүйеміздің даму тұғырнамасын қайта қарастырған жағдайда ғана қауіпсіз дамуға қол жеткізе аламыз. Экономиканы экологиялық таза, аз шығынды технологияларға көшіру – экономикалық өсімнің қайнар көзі.

Табиғат ресурстарын тиімді әрі жоспарлы пайдалану, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздікке көшу біздің ең басты міндеттерімізге айналуы керек», - деді Р.Жоламан.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-przidenttigine-kandidat-bil-azy-sayynovty-petropavl-alasy-sevkazenergo-zhshs-ny-zh-mysshy-zhymymen-487735](https://yvision.kz/kk/post/r-przidenttigine-kandidat-bil-azy-sayynovty-petropavl-alasy-sevkazenergo-zhshs-ny-zh-mysshy-zhymymen-487735)