---
title: "ҚР Президентінің қатысуымен индустрияландыру бойынша жалпыұлттық телекөпір басталды"
description: "Тәуелсіздік сарайында «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» жалпыұлттық телекөп..."
author: "kazinform_kz"
published: "2015-12-11T05:33:34+00:00"
modified: "2015-12-22T23:51:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-prezidentini-atysuymen-industriyalandyru-boyynsha-zhalpy-ltty-telek-pir-bastaldy-667407"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-prezidentini-atysuymen-industriyalandyru-boyynsha-zhalpy-ltty-telek-pir-bastaldy-667407/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР Президентінің қатысуымен индустрияландыру бойынша жалпыұлттық телекөпір басталды

> Тәуелсіздік сарайында «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» жалпыұлттық телекөп...

Тәуелсіздік сарайында «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» жалпыұлттық телекөпірі басталды. Оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда.

![ҚР Президентінің қатысуымен индустрияландыру бойынша жалпыұлттық телекөпір басталды](https://storage.yvision.kz/images/user/kazinform_kz/8N4hrvNynTbIdUGgAha910kp1T5fV5.jpg)

Алдын ала мәліметке сүйенсек, Мемлекет басшысы бүгін аймақтардағы индустриалдық жобаларды іске қосады. Жалпыұлттық телекөпір барысында сондай-ақ «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есеп айтылады деп күтілуде.

Жалпыұлттық телекөпір жуырда жариялаған «Жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы аясында өтеді.

**ҚазАқпарат**

[http://inform.kz/kaz/article/2849003](http://inform.kz/kaz/article/2849003)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-prezidentini-atysuymen-industriyalandyru-boyynsha-zhalpy-ltty-telek-pir-bastaldy-667407](https://yvision.kz/kk/post/r-prezidentini-atysuymen-industriyalandyru-boyynsha-zhalpy-ltty-telek-pir-bastaldy-667407)