---
title: "ҚР Президентіне темір рудасын өндіру және өңдеу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы баяндалды"
description: "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Текелі тау-кен өндірісінің кешенінде болды, деп хабарлады Ақорданың баспа..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-09-18T22:45:00+00:00"
modified: "2016-09-30T04:24:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-prezidentine-temir-rudasyn-ndiru-zh-ne-deu-zh-nindegi-zhobany-iske-asyrylu-barysy-bayandaldy-713552"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-prezidentine-temir-rudasyn-ndiru-zh-ne-deu-zh-nindegi-zhobany-iske-asyrylu-barysy-bayandaldy-713552/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР Президентіне темір рудасын өндіру және өңдеу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы баяндалды

> Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Текелі тау-кен өндірісінің кешенінде болды, деп хабарлады Ақорданың баспа...

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Текелі тау-кен өндірісінің кешенінде болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

![ҚР Президентіне темір рудасын өндіру және өңдеу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы баяндалды](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/0W6FJFUjCT4m19PDdqNUrsCqfF7gnT.jpg)

Мемлекет басшысы кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Қазақстан Президентіне инновациялық технологияларды қолдана отырып, қайта балқытылған шойын алу арқылы темір рудасын өндіру және өңдеу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы баяндалды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Талдықорған қаласының көпсалалы ауруханасында болды.

Қазақстан Президентіне облыстың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басты бағыттары және тиісті мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы баяндалды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев аурухана қызметкерлерімен кездесті. Олар жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясатқа қолдау білдіріп, денсаулық сақтау саласына көрсетіліп отырған қамқорлық үшін Елбасыға алғыстарын айтты.

300 адам сиятын медициналық мекеме стационарлық, стационарды алмастыратын және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Көпсалалы аурухана жаңа медициналық құрылғылармен жабдықталған.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп-баптауға маманданған кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Қазақстан Президентіне облыстың агроөнеркәсіп кешенінің негізгі көрсеткіштері және қант қызылшасы өндірісін дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев қазір ауыл шаруашылығын мемлекеттік субсидиялауға деген көзқарастың өзгергенін атап өтті.

« Менің шаруаларға айтып жүрген ой-пікірімнің барлығының негізгі түйіні – еңбек өнімділігін субсидиялау қажеттігі. Яғни, қаражат ең ақырғы өнім өндірісі үшін бөлінетін болады», – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев өңдеу кәсіпорнының аграрлық техникалары мен ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралады.

Соңында Елбасы өңірдің шаруаларымен әңгімелесіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Елбасы спорт ғимаратының қызметімен танысып, кешен аумағын аралады.

Қазақстан Президентіне көп функционалды мұз айдынының одан әрі қолданылу перспективасы туралы баяндалды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев олимпиада жеңімпаздарымен және қаланың спорт қоғамдастығымен әңгімелесті.

«Қазақстан өзін спорт державасы ретінде таныта білді. Бұл жетістіктермен шектелмеу керек. Спорттағы еліміз бағындырған биіктердің деңгейін бұдан әрі көтере түсу қажет. Мемлекет халықтың денсаулығына баса көңіл бөліп отыр. Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық барысында заманауи спорт ғимараттары салынды. Ол көпшіліктің, әсіресе балалар мен жастардың спортпен шұғылдануына қосымша серпін береді», – деді Мемлекет басшысы.

Спортшылар ұдайы көңіл бөліп, қамқорлық көрсетіп келе жатқаны үшін Елбасына алғыстарын білдірді.

3 мың көрерменге арналған мұз айдыны хоккей жарыстарын өткізуге лайықталған. Универсиададан кейін «Халық Аренаны» қалалық хоккей командаларының ойын алаңына, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, сондай-ақ тұрғындардың жаппай сырғанау орталығына айналдыру жоспарлануда. Кешен концерттер, көпшілік мәдени іс-шаралар өткізуге лайықталып, қазіргі заманғы жарық және дыбыс құрылғыларымен жабдықталған.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-prezidentine-temir-rudasyn-ndiru-zh-ne-deu-zh-nindegi-zhobany-iske-asyrylu-barysy-bayandaldy-713552](https://yvision.kz/kk/post/r-prezidentine-temir-rudasyn-ndiru-zh-ne-deu-zh-nindegi-zhobany-iske-asyrylu-barysy-bayandaldy-713552)