---
title: "ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясына түсу талаптары түсіндірілді"
description: "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-05-29T23:01:55+00:00"
modified: "2017-05-29T23:01:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-prezidenti-zhanynda-y-memlekettik-bas-aru-akademiyasyna-t-su-talaptary-t-sindirildi-768354"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-prezidenti-zhanynda-y-memlekettik-bas-aru-akademiyasyna-t-su-talaptary-t-sindirildi-768354/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясына түсу талаптары түсіндірілді

> Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін...

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаменті ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының магистратурасы мен докторантурасына түсу үшін мемлекеттік қызметшілерге түсіндерме жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында **2017 жылдың 26 мамырында** мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізілді.

Аталған кездесуге ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының өкілі басқару институтының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Е.Абилдің қатысып, кездесу барысында қатысушыларға Академияға түсу бойынша жадынама-слайд көрсетті және қатысушыларға оқуға түсу бойынша сауалнама жүргізді.

Сонымен қатар, Академияның түлегі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының басшысы Б.Хайруллин Академияға түсудің маңыздылығы жөнінде өз пікірін білдірді.

Кездесу соңында қатысушылармен қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-prezidenti-zhanynda-y-memlekettik-bas-aru-akademiyasyna-t-su-talaptary-t-sindirildi-768354](https://yvision.kz/kk/post/r-prezidenti-zhanynda-y-memlekettik-bas-aru-akademiyasyna-t-su-talaptary-t-sindirildi-768354)