---
title: "ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 7-қысқы Азия ойындарын жабық деп жариялады"
description: "Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 7-қысқы Азия ойындарын жабық деп жариялады...."
author: "Dan4ik-Alban4ik"
published: "2011-02-06T07:40:14+00:00"
modified: "2011-02-06T07:40:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-prezidenti-n-rs-ltan-nazarbaev-7-ys-y-aziya-oyyndaryn-zhaby-dep-zhariyalady-117175"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-prezidenti-n-rs-ltan-nazarbaev-7-ys-y-aziya-oyyndaryn-zhaby-dep-zhariyalady-117175/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 7-қысқы Азия ойындарын жабық деп жариялады

> Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 7-қысқы Азия ойындарын жабық деп жариялады....

## *Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 7-қысқы Азия ойындарын жабық деп жариялады. Елбасы жабылу Рәсімінде сөйлеген сөзінде: “Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған спортшыларға айырықша алғысымды айтамын. Сіздер ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығына тамаша тарту жасадыңыздар. Астанада жағылған Азиада алауы әр жүректе ұзақ сақталады деп сенемін. Қазақстанға деген ыстық ықыластарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Келесі қысқы Азия ойындары Жапонияға беріледі, біз аталмыш елге зор табыстар тілейміз. Азиада жұлдызы жарқырай берсін!” - деді.*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-prezidenti-n-rs-ltan-nazarbaev-7-ys-y-aziya-oyyndaryn-zhaby-dep-zhariyalady-117175](https://yvision.kz/kk/post/r-prezidenti-n-rs-ltan-nazarbaev-7-ys-y-aziya-oyyndaryn-zhaby-dep-zhariyalady-117175)