---
title: "ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде"
description: "ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Әзірет Сұлтан» м..."
author: "azret_sultan"
published: "2016-09-14T05:40:33+00:00"
modified: "2016-09-14T05:40:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-premer-ministri-k-rim-m-simov-ziret-s-ltan-ory-muzeyinde-711874"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-premer-ministri-k-rim-m-simov-ziret-s-ltan-ory-muzeyinde-711874/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде

> ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Әзірет Сұлтан» м...

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне келіп, өңірдің тарихи-мәдени нысандарының жағдайымен танысты.

![ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде](https://fbcdn-sphotos-g-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xpl1/t31.0-8/14086476_663019600545943_106729284123064462_o.jpg)

Қорық музейдің директоры Жандос Әубәкір экскурсия барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енетінін және Қазақстан тарихында сәулеттің көрнекті ескерткіші, Түркістанның негізгі мәдени орындарының бірі саналатынын атап өтті.

![ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде](https://fbcdn-sphotos-a-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xfp1/t31.0-8/14054562_663019603879276_608680742911132910_o.jpg)

Үкімет басшысына «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік қорық музейінің құрамындағы Қылует, Жұма мешіті, Шығыс моншасы сынды тарихи мәдени ескерткіштері жайлы, көне Түркістан қаласының тарихы және музейдің болашақтағы жоспарлары жөнінде мәліметтер берілді.

![ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде](https://scontent.xx.fbcdn.net/t31.0-8/14114909_663020057212564_2804163114669195487_o.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-premer-ministri-k-rim-m-simov-ziret-s-ltan-ory-muzeyinde-711874](https://yvision.kz/kk/post/r-premer-ministri-k-rim-m-simov-ziret-s-ltan-ory-muzeyinde-711874)