---
title: "ҚР Парламентінде елімізде Конституцияның үстемділігін қамтамасыз ету депутаттардың міндеті екені аталып өтті"
description: "Бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің қос палатасы отырысында төртінші сессияның жұмысы нәтижес..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-07-15T03:48:29+00:00"
modified: "2015-07-15T03:48:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-parlamentinde-elimizde-konstituciyany-stemdiligin-amtamasyz-etu-deputattardy-mindeti-ekeni-atalyp--521872"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-parlamentinde-elimizde-konstituciyany-stemdiligin-amtamasyz-etu-deputattardy-mindeti-ekeni-atalyp--521872/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР Парламентінде елімізде Конституцияның үстемділігін қамтамасыз ету депутаттардың міндеті екені аталып өтті

> Бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің қос палатасы отырысында төртінші сессияның жұмысы нәтижес...

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің қос палатасы отырысында төртінші сессияның жұмысы нәтижесі талқыланды.

«Елімізде Конституция үстемділігін қамтамасыз ету депутаттардың міндеті»,- деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов Астанадағы Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында.

«Төртінші сессия барысында ритификацияланған халықаралық келісім шарттар арасында «Еуразиялық экономикалық одақ туралы ратификациялау туралы» заңды ерекше атап өтер едім. Қазақстанның әлем қауымдастығымен ынтымақтастығын кеңейту жағдайында мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігін нығайту басты стратегиялық міндет болып табылады», -деді Қабиболла Жақыпов.

Оның айтуынша, депутаттар Ұлт көшбасшысы ұсынған интеграцияның экономикалық үлгісін толығымен қолдайды.

«Осы келісімді орындау Қазақстанды бәсекеге қабілеттілікке және мемлекет ретінде табыстылыққа сынауда. Және тек экономика саласында ғана емес, Үкімет, лауазымды қызметкерлер, ұлттық мүдде үшін жұмыс істеп жатқандардың барлығы тәжірибе жинақтауда. Біз заң шығарушылар ретінде елімізде Конституция үстемділігін қамтамасыз ету депутаттардың басты міндеті екенін ұмытпауымыз керек», деп толықтырды Мәжіліс басшысы.

Сонымен қатар, Қабиболла Жақыпов Қазақстанның Дұниежүзілік сауда ұйымына енуі туралы келіссөздердің аяқталғанын тілге тиек етті.

«Н. Назарбаев атап өткендей, ДСҰ-ға мүше болу біздің алдымыздан жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл отандық кәсіпорындарға шетелдік нарыққа шығуына жол береді», -деді Қ.Жақыпов.

Парламенттің қос палатасы бесінші шақырылымдағы төртінші сессияның жұмысын аяқтап, бірлескен отырыстан кейін жазғы демалысқа кетті.

«Төртінші сессияда Парламент Үкіметпен үйлесімді өзара қарым-қатынаста халық пен мемлекет мүддесі үшін Елбасы белгілеп берген және қалыптасқан жағдай талап етіп отырған көптеген ауқымды міндеттерді шеше алды. Барлық фракциялар, депутаттық бірлестіктер, қос палатаның барлық комитеттері, әрбір депутат береке-бірлік таныта отырып, ортақ елдік мақсаттар үшін жұмыс атқарды. Олардың әрқайсысы біздің ортақ нәтижемізге өз үлесін қосты», - деді бірлескен отырыста бас баяндама жасаған Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов.

Орайды пайдалана отырып, Қабиболла Жақыпов депутаттық корпуспен констурктивті қарым-қатынас орнатқаны үшін Премьер-министр мен Үкімет мүшелеріне алғысын айтты.

«5-ші шақырылымның 5-ші сессиясында заң жобаларының топтамасы көп болады. «100 нақты қадамды» жүзеге асыру бойынша Ұлттық комиссия ұсынған құжаттар да баршылық. Олар қаралып, бізден саяси жауапкершілік пен жоғарғы кәсібилікті қажет етеді», - деді ол.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/23776/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-parlamentinde-elimizde-konstituciyany-stemdiligin-amtamasyz-etu-deputattardy-mindeti-ekeni-atalyp--521872](https://yvision.kz/kk/post/r-parlamentinde-elimizde-konstituciyany-stemdiligin-amtamasyz-etu-deputattardy-mindeti-ekeni-atalyp--521872)